Сенбі, Ақпан 27, 2021
ҚАЗ
РУС
Qazpulse.kz
#КОРОНАВИРУС
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Qazpulse
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Талдау

#42500теңге – өзекті сұрақтарға жауап

Министр төлемді тағайындау барысында барынша әділдік қағидаты сақталатынын атап өтті.

Сәуір 13, 2020
Талдау, Экономика, Қоғам
Фото: ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов

Қазіргі уақытта еліміздегі Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға берілетін 42500 теңге әлеуметтік төлемге 3 703 000 адам 4 900 мың өтініш берсе, оның ішінде 1 779 000 адамға төлем тағайындалып, 75 миллиард теңгеден астам қаржы аударылған деп хабарлайды QazPulse тілшісі.

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

700 мың қазақстандық 42 500 теңге біржолғы төлемін өтінішсіз алатын болды. Олар тиісті SMS-хабарлама алды

Осы орайда бүгін Орталық коммуникация қызметінде берген брифингінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов көмектің кей жағдайда кешіктіріліп жатқаны үшін кешірім сұрап, оның нақты себептерін атады.

Cонымен төлем неге кешігеді, кім ала алмайды?

  • Бұған дейін былай да жұмыс істеуге құлшынысы болмай жүргендердің, кірісі онсыз да қомақты жандардың басқалармен қатар өтінім бере салғаны (бейресми еңбектеніп жүргендерге БЖТ (бірыңғай жиынтық төлем) төлеп, келесі күні өтініш беруге болады).
  • Кейбір азаматтардың асығыстық танытып, өтінішті бірнеше рет жіберіп жүйеге салмақ түсіруі, құзырлы мамандардың оларды тексеруге уақытын сарп етуі.
  • Деректерді дұрыс көрсетпеу немесе бөгде біреудің атынан жолдау. Әр өтінім саналуан деректер қорында мұқият сүзгіден өтеді. Оның ішінде адамның аты-жөні, ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) мен банк шотының нөмірі, жұмысына қатысты мағлұматтар айрықша екшеледі. Неге мысалға анаңыздың, әйеліңіздің немесе балаңыздың атынан жолдауға болмайды. Себебі дәл осылай алаяқтар Сіздің жеке бас мағлұматыңызды қолданып кетуі мүмкін.
  • Қазір жұмыс істемейтін банктердің ескі, жарамсыз мәліметін жолдау.
  • Марқұм болып кеткен адамның атынан өтінім беру.
  • Шетелде тұратын тұлғалардың атынан төлемге иек арту.
  • Жұмыс берушінің салақтығы, яғни жұмыскері үшін соңғы 12 айда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына мүлде аударым жасамауы. 42500 теңгені алудағы негізгі шарттың бірі осы.
  • Жеке кәсіпкерлікті қосымша аша салғандарға оны жауып барып, бейресми жұмыспен қамтылушы ретінде өтінім беру кеңес етіледі.
  • Декреттегі әйелдер тұрғысында, мемлекеттік қызметтен бала күтімімен отырғандар кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынғандықтан БЖТ төлеп, 42500 теңгені ала алмайды. Олардың сұрағын шешу үшін мемлекеттік мекемелерге хат жолданған.

Төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректерін Мемлекетік әлеуметтік сақтандыру қоры «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жібереді, ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін бағыттайды.

42 500 теңге төлем кімге тиесілі?

Егер олар үшін МӘСҚ тарапына ТЖ жарияланғанға дейінгі соңғы 12 айда 1 рет болсын аударым жасалса:

  • шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының,
  • карантин енгізілген елдімекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің,
  • мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;
  • жеке кәсіпкерлерге;
  • дара тәжірибемен айналысатын адамдарға: нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор;
  • бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға (егер ТЖ жарияланғанға дейінгі соңғы 12 айда 1 рет болсын Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төленсе);
  • нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға (егер олар үшін ТЖ жарияланғанға дейінгі соңғы 12 айда 1 рет болсын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) зейнетақы аударымы жасалса);
  • жеке еңбек шарты жоқ, салық төлемеген, әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын жасамаған бейресми өзін жұмыспен қамтушы азаматтарға (оларға өз мәртебесін ресми күйге енгізу керек – 42 500 теңгелік төлемге өтінім бергенше 1 рет болсын БЖТ төлеу қажет);
  • мемлекеттік қызметтен декретке шыққан әйелдерді қоспағанда, бір жастан асқан бала күтімімен отырған әйелдерге (42 500 теңгелік төлемге өтінім бергенше 1 рет болсын БЖТ төлеу қажет).

42500 теңге қанша уақыт төленеді?

42500 теңге ТЖ мерзімі созылған сайын ай сайын төленеді және айдың толық аяқталуына қарамайды. Мәселен 15 сәуір алғашқы ай бітсе, келесі ТЖ айы шамамен 1 күнге ұзартылса да, төлем сол айға толық тағайындалады. Өтінішті бір рет берсеңіз жеткілікті, уақыты автоматты түрде ұзартылады.

42 500 төлемді зейнеткерлер мен мүгедектер ала ма?

Иә, егер олар ТЖ жарияланғанша қосымша кіріс әкелетін қандай да бір іс жүргізіп, тиісті аударымдар жасаса. Мәселен пәтерді жалдауға беріп, БЖТ төлеген болса немесе шағын дүкен иесі ретінде жеке кәсіпкер болса. Бұл дегеніңіз, осылайша олар «жеке кәсіпкер» және «өзін жұмыспен қамтушы» санатына енеді (БЖТ төлеуші жеке тұлға).

Бос уақытында жұмыс істейтін студенттер ше?

Егер студенттің ТЖ енгізілгенше расында жұмыс істеп, жалдамалы жұмысшы ретінде әлеуметтік аударымы жасалған немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт негізінде зейнетақы жарнасы болса. Қарапайым тілмен айтқанда қағаз жүзінде дәлел қажет болуы мүмкін немесе БЖТ төлеп, өтінім беру қажет.

Қате жолданып қойған деректі түзетуге немесе толықтыруға бола ма (шот нөмірі, мекенжай немесе басқа да мәлімет)?

Жоқ, өтінімді қайта жіберу керек.

Әлеуметтік төлемнен бас тартса бола ма?

Ол үшін https://open.egov.kz/ сілтемесіндегі «Электрондық өтініштер (ТЖ кезіндегі 42 500)» айдары арқылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгінген жөн. Осылайша төлем алуға берілген өтінім күшін жояды.

БЖТ әрі қарай төлем жасауға мәжбүрлей ме?

Жоқ. Дәл 42500 теңгені алу үшін БЖТ-ны бір рет төлесеңіз жетеді, оны әрі қарай ай сайын төлеуді ешкім талап етпейді. Керісінше медициналық әлеуметтік сақтандыру, жеке бас салығы, зейнетақы жарнасы сияқты бірнеше төлемнен тұратын бірыңғай жиынтық төлемді тұрақты төлеп тұру адамның өзіне пайдалы. Медициналық қызмет ауқымы кеңейіп, заң аясында жұмыс істеуші тәртіпі азамат ретінде алаңсыз қарттық шағыңыз қамтамасыз етіледі.

42 500 теңге төлемге барлық жұмыссыз жандар үміттене ала ма?

МӘСҚ тарапынан тағайындалатын 42 500 теңге төлем тікелей ТЖ енгізілуіне байланысты табыссыз қалған, яғни ақысын демалысқа жіберілген немесе өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болған, дегенмен біржола жұмысынан айырылмаған азаматтарға қарастырылған.

Қазақстанда жұмысынан айырылған жағдайда МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылатын және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған төленетін әлеуметтік төлем бар.

Жұмысты жоғалтуға байланысты МӘСҚ тарапынан төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жүргізіледі. Төлем тоқтаған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерінде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған қызметкерге:

  1. kz порталында авторизациялану;
  2. «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
  3. Онлайн қызметке тапсырыс беріп, барлық алаңдарды толтырыңыз және оған ЭЦҚ қол қойып, өтінімді жіберіңіз;
  4. Бір күн ішінде сіздің тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы сізге бос жұмыс орындарын ұсынады;
  5. Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде сізге қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі берілетін болады (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін сізбен ХЖҚО қызметкері хабарласады);
  6. Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-дан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісім беруге мобильдік телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

42 500 теңге түспей қойды ма?

Онда 42500.enbek.kz сайтында ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) мен жеке куәлік нөмірін теру арқылы өтініміңіздің қаралу кезеңін көруге болады.

Жалып әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz веб-сайты және https://t.me/Help42500Bot мекенжайы бойынша Telegram-бот арқылы беруге болады.

Ешқайда тіркелмей бейресми өз ісімен айналысушыларға да жәрдемақы төленуі мүмкін. Бұл тұста 5505 нөмірі бойынша СМС арқылы немесе бұқарада кең тараған «Каспий голд» қосымшасы арқылы қалада 2651 теңге және ауылда 1325 теңге Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) жолдау керек. Телефон хабарламасында ЖСН-мен бірге қалалықтар GORODESP, ауылдағылар SELOESP деп жазуы тиіс.

Өтінім қаралып, деректер тексерілген соң төлемді тағайындау немесе тағайындамау жайлы шешім қабылданады. Өтінім берушіге SMS-хабарлама келеді.

Шотты үйде отырып ашыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның соңғы отырысында 42 500 теңгелік әлеуметтік төлемді үйден шықпау алуға жағдай жасауды және де төлемге ниет танытқан халық жаппай виртуалды карталармен қамтамасыз етілу керектігін тапсырғаны аян.

Дегенмен төлем алу үшін ешқандай «арнайы» шот қажет емес, кез-келген банктің карталық шоты келе береді. Өз кезегінде өтінімді шот дерегін көрсетпей жібере берсеңіз болады. Кейін шотты қосымша жолдауға 1 ай мұрсат беріледі. Ол үшін SMS-хабарламаға жауап беру қажет.

Өз кезегінде Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі коронавирус індетін жұқтырмау мақсатында қашықтан онлайн шот ашып, төлем картасын алуға болатын 11 банктің тізімін келтіріп отыр: HalykBank, JysanBank, BankRBK, EurasianBank, AltynBank, Банк Хоум Кредит, Сбербанк, ForteBank,  АТФБанк, Альфа-Банк және KaspiBank.

Тегтер: 42 500 теңгеБиржан Нурымбетов
 
Алдыңғы жаңалық

Дәрігерлерге үстемеақы толық төлене ме?

Келесі жаңалық

Ауылдағылар онлайн оқу түгілі, уатсапқа кіре алмай қалады Жұмағалиев мырза!

Ұқсас жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КОРОНАВИРУС

Қоғам

Карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт оны жауып тастауға мәжбүрледі

Басты жаңалықтар

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

Басты жаңалықтар

Тоқаев әкімдерді тағы өткір сынға алды. Көмектің бәрі қалада, ауыл айдалада қалды

ТАНЫМАЛ

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері
Басты жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр
Басты жаңалықтар

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Қаладаның өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Қаланың өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Facebook желісінде Тоқаевтың парақшасы жоқ

Facebook желісінде Тоқаевтың парақшасы жоқ

Аягөздегі төрт баланың өлімі: эксгумациясыз болмайтын болды ма?

Аягөздегі төрт баланың өлімі: эксгумациясыз болмайтын сияқты. Тәрбиешілер өз шындығын айтты (ВИДЕО)

Яндекс.Метрика
  • Жоба жайлы
  • Жарнама

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Русская редакция
  • Жаңалықтар
  • Басты жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Орталық Азия
  • Экономика
  • Пікір
  • Талдау

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz