Қазіргі уақытта коронавирус қауіпті сырқаты анықталған азаматтардың арасында еліміздегі ең жабық түзеу мекемелерінің бірі – «Қара бүркіт» түрмесінің бірден 19 қызметкері бар деп хабарлайды QazPulse тілшісі.
Қостанай облысындағы Жетіқара ауданында орналасқан «УК-161/3» абақтысында тіркелген бұл «СOVID-19» деректерінің ішінде он бірі ер адам және сегізі әйел болып отыр.
Қостанай тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі департаментінің хабарлауынша, олардың жас аралығы 21-54. Ешкім қалаға шықпаған, казармада болған. Бүгінде ауруханаға жатқызылып, ем алуда.
«Қара бүркіт» түрмесінде «Арқанкерген» қырғынын жасаған Владислав Челах, Алматыда 9 адамды жер жастандырған Руслан Күлекбаев сынды қаныпезер қылмыскерлер жазасын өтеуде.