Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болды, себебі белгісіз деп хабарлайды QazPulse тілшісі. Марқұм биыл 60 жасқа толған.
Таңертең өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың пневмониядан көз жұмғаны мәлімделді.
«Баймұхамбетов Қайрат Қажыманұлының жақындары мен туысқандарына қайғыра отырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болды және пандемиямен күрестің алғы шебінде жүріп қаза тапты. Иманды болсын!», – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында өзі қазір коронавирус дертімен ауруханада жатқан Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.
Бұған дейін Амандық Баталовтың тыныстауы қиындаған соң астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына ауыстырылғанын хабарлаған болатынбыз.