Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирус жұқтыру салдарынан оқшаулануға кетті деп хабарлайды QazPulse тілшісі.
Соңғы зертханалық сынама қорытындысында облыс басшысының бойынан COVID-19 белгілері анықталған.
«Ауру нышансыз (симптомсыз) өтуде. Осы уақыт аралығында облыс әкімі оқшаулануда ем қабылдап, жұмысын жалғастыра береді», – дейді оның баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Амандық Баталов, таяуда, оқыс оқиға орын алған Ұйғыр ауданында болып, тұрғындармен аудан атауын өзгерту бойынша талқылау өткізген еді.
Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, вице-премьер Ералы Тоғжанов, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан және басқа да бірқатар лауазым иелері қауіпті індетке шалдыққаны белгілі болды.