Әлеуметтік желіде бүгін таңғы сағат 05:26-де Алматы облысы Қарасай ауданынан Көксай шағын ауданына кіреберісте шеп-бекетке 4-нөмірлі шеп-бекетке соғылған 28 жасар авто жүргізушісінің полиция қызметкері екені жайлы ақпарат тарауда деп хабарлайды QazPulse тілшісі.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз министр Ерлан Тұрғымбаев қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиевтың және полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың отбасыларына көңіл айтқанын жазды. Алайда қайғылы жол-көлік апатын жасаған қаскөй жайлы бір ауыз сөз жоқ. Осы орайда бетон сынығы тиген тағы бір тәртіп сақшысының ауруханада өмір мен өлім арасында күресіп жатқаны белгілі болды.
Сәл кейін Алматы қаласы Полиция департаменті рульге мас күйінде отырған адамның полиция қызметкері болғанын жоққа шығарды…