Бүгін “Ақтөбе хром қосындылар зауыты” АҚ №4 цехында төрт жұмысшы қаза тауып, екі адам ауыр жағдайда жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды деп хабарлайды QazPulse тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Олар 50 текше бак ішіндегі тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын бұзған деген болжам бар.
«Аталған дерек бойынша облыстық Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 4-бөлімі (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпсіздік техникасын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Істің себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр», делінген хабарламада.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс атқарып жатыр.