Жексенбі, Ақпан 28, 2021
ҚАЗ
РУС
Qazpulse.kz
#КОРОНАВИРУС
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Qazpulse
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Саясат

«Астрахан мен Орынборды, Түмен мен Алтайды қайтарсын!» Қазнет қолданушылары Ресей президентінің сөзін тағы тіксіне қабылдады

Көрші ел саясаткерлерінің биік мінберден КСРО мұрагері ретінде Ресейдің ұлы орны туралы айтуы бірінші рет емес.

Маусым 23, 2020
Жаңалықтар, Пікір, Саясат, Қоғам, Әлем
«Астрахан мен Орынборды, Түмен мен Алтай қайтарсын!». Қазнет қолданушылары РФ президентінің сөзін тағы тіксіне қабылдады

РФ президенті Владимир Путин

Өткен жексенбі күні «Россия-1» телеарнасында эфирге шыққан «Мәскеу. Путин. Кремль» бағдарламасында РФ президенті Владимир Путин орыс халқының бұрынғы кеңес одағы елдеріне «сыйлығы» жайлы айтып қалды.

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Ол Кеңес Одағының құрылуы кезінде оған мүше болған көптеген республикалар «орыс жерінің ауқымды көлемін иемденіп алды» және оларды «дәстүрлі түрде Ресей жерлері, Ресейдің тарихи аумақтары» деп мәлімдеді. Ресей президентінің пікірінше, КСРО-дан шыққан кезде бұл республикалардың әрқайсысы «орыс халқының сыйлықтарын алып кетпей, келген нәрсесімен кетуі керек еді».

Путин фильмде қай республикаларды және қай жерлерді меңзегенін нақтыламады, тек «Кеңес Одағы құрылған кезде келісімшарт одан шығу құқығын қарастырды, бірақ рәсімі көрсетілмеді» деп қана атап өтті.

Әрине, мұндай екіұдай сөз жергілікті желі қолданушыларының біршама ашуын туғызды. Кейбір азаматтар  алаңдаушылығын жасырмады:

«Не айтып отыр, қайдағы жер, ешкімге жер жоқ, қазақтың жері – өзіміздің жер»

«Оттамасын, керісінше Орынбор, Омбы, Алтай, Астрахан, Түмен, Барнауылдар соларда қалып қойған жоқпа?»

«Астрахань, Орынбор, Тюмень, Алтай – біраз жерлерді қайтара ма сонда?»

«Ресейде Алтын ордаға дейін ұлтарақтай ғана жері болды. Кейін Сібірді басып алып, орыстар жерлерін кеңейтті. Енді келіп Ресейден жер алған дейді»

«Бұл барлығына барады, өзі билікте қалуы үшін. Басқа жол жоқ оған, неге, оны Европаның ешқандай елі қабылдамайды, тек Қытайлар қабылдамаса. Сондықтан, билікте қалып қана жанын сақтайды. Әйтпесе өз халқы ақ, түтеп жіберуге дайын.»

« Жерлері жетеді ғо, қорқытып отыр.»

« М.Горбачевте биліктен кетер алдында Қазақстанның солтүстіктегі 5 облысы Ресейдің жері деп сандырақтаған, сол Миша көкесі сияқты Вовада отырған тағынан түсуге жақындап қалды…☝»

« Ресей халқы өздерін Путиннен құтқарып алуы керек!»

деген сыңайдағы пікірлерін қалдырып жатты.

Отандық саясаттанушы Ғазиз Әбішев «Кремль мұндай жиіркенішті-өркөкірек идеологиялық пікірлер посткеңестік кеңістіктегі антиресейлік көзқарастың басты негіздерінің бірі екенін түсінбейді» деп өз Телеграм-арнасында бір ауыз сөзбен көптің көкейіндегі ойды түйіндеді.

Дегенмен, Ресей Президентінің бұл сөзі ТМД-ның әлдеқайда арақатынасы нашарлау елдерге көбірек бағытталғандай. Мұндай ұраншыл сөздер көрермендердің көңілінде ойнау үшін, яғни 1 шілдедегі РФ Конституциясына оның каденциясы аяқталғаннан кейін де билікте қалуына мүмкіндік беретін түзетулер енгізу үшін де айтыла беруі мүмкін. Қазіргі Ресей конституциясы Путиннің 2024 жылы кезекті мерзімге сайлануына тыйым салады.

Жалпы, QazPulse тілшісі зерделеп көргендей, көрші мемлекет саясаттанушылары өзімен шекаралас елдерге қатысты қыңыр ойларды алғаш рет айтып отырған жоқ. Владимир Путиннің 2014 жылы жастар форумында сөйлеген сөзінде «Қазақтарда ешқашан мемлекеттілік болған емес. Оны Нұрсұлтан Назарбаев  құрды» дегені аян. Ол сөз де көпшіліктің сынына ұшырап, қазақтың терең тарихына деген құрметсіздік ретінде қабылдағандар жеткілікті болған. Дегенмен, оны терминологиялық сәл қателесу ретінде әрі қазіргі Тәуелсіз елді меңзеп, Назарбаевқа мақтау ретінде түсіну қажетін айтқан саясаттанушылар да бар. Келесі 2015 жылы Қазақ мемлекетінің 550 жылдығы Қазақстанда кеңінен тойланып өтті.

Ресейдің түрлі деңгейдегі саясаткерлері мен саясаттанушыларының ТМД аумағындағы түрлі елдердің иелігіндегі жеріне қатысты саналуан, кейде екіұдай пікір айтып қалатыны бұрыннан бар.

Мысалы, 2014 жылы қазақстандық адвокат Асқар Қаймаков РЛДП лидері Владимир Жириновскийдің айтқан пікіріне қатысты саясаткерді жауапқа тартуды талап етіп, Ресейдің құқық қорғау органдарына шағымданған болатын. Өйткені Жириновский Қазақстан жерлерін қамтитын Орта Азия федералды округін құруды ұсынған. Алайда Ресейдің тергеу комитеті саясаткердің сөздерін растауға ешқандай себеп таппады.

Одан бөлек, бұл саясаткер кезінде қызды-қыздымен «Қазақстан – қазақтардың жері емес, ал қазақ пен қырғызды бір халық» деп шықты.

2018 жылы Кремльдің телевидениедегі насихат жаршысы Владимир Соловьев Қазақстанға саяси халықаралық резолюцияның бірі бойынша бейтараптық танытқаны үшін ренішін білдірген. Еліміз Ресейді қандай саясаты үшін болсын сөзсіз қолдауы қажет екен. Бұл жағдайға қатысты да желі қолданушылары біраз пікір білдіріп, тіпті ҚР СІМ ресми мәлімдеме жасады.

Тегтер: Владимир ЖириновскийВладимир ПутинВладимир СоловьевжерКСРОРесейҚазақстан
 
Алдыңғы жаңалық

«Тақуалық пен жалқаулықты шатастырып алдық». Дінтанушы ғалым өз алаңдаушылығын білдірді

Келесі жаңалық

Коронавирусты қасақана жұқтырғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Ұқсас жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КОРОНАВИРУС

Қоғам

Карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт оны жауып тастауға мәжбүрледі

Басты жаңалықтар

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

Басты жаңалықтар

Тоқаев әкімдерді тағы өткір сынға алды. Көмектің бәрі қалада, ауыл айдалада қалды

ТАНЫМАЛ

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері
Басты жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр
Басты жаңалықтар

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Қаладаның өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Қаланың өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Министрлік алдындағы митинг: көпбалалы аналар наразылығының мән-жайы

Министрлік алдындағы митинг: көпбалалы аналар наразылығының мән-жайы

"Жеңіл әрі жылдам ақшаға кенелу". Қаржы пирамидасы дегеніміз не және оған алданбаудың амалдары

«Жеңіл әрі жылдам ақшаға кенелу». Қаржы пирамидасы дегеніміз не және оған алданбауға тырысу

Яндекс.Метрика
  • Жоба жайлы
  • Жарнама

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Русская редакция
  • Жаңалықтар
  • Басты жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Орталық Азия
  • Экономика
  • Пікір
  • Талдау

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz