Коронавирус індеті соңғы кезде өкпе қабынуына ұласып, ауруханаларда орын жоқтығынан бөлек қазақстандықтар дәрі тапшылығына кездесіп, қиналғаны белгілі. Жағдайдың ушыққаны соншалық, Президент пәрменімен денсаулық сақтау жүйесіндегі екі ірі мемлекеттік компанияның бірінші басшысы жұмысынан кетті.
Осы орайда ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас ауруханалардағы қоғамдық дамуды үйлестіретін болды деп хабарлайды QazPulse тілшісі.
«Қазір, біз бәріміз, індет өршіп тұрғанда халық күші оянып, қоғамдық бақылаудың маңыздылығын түсініп отырмыз. Белсенді қазақстандықтардың күн сайын еріктілер қатарына қосылып, елімізге пандемияны еңсеруге көмектесуде.
…Жуырда мен ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның кеңесшісі болып тағайындалдым. Бүгін маған министрлік тарапынан ауруханалардағы қоғамдық бақылау жұмысын үйлестіру тапсырылды», – деп жазды Лима Диас.
Ол қоғамдық бақылаудың індетпен арпалысудағы дәрігерлердің жанкешті қимылына кедергі жасамауға тырысатынын атап өтті.