Бейсенбі, Ақпан 25, 2021
ҚАЗ
РУС
Qazpulse.kz
#КОРОНАВИРУС
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Qazpulse
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Ауылдағылар онлайн оқу түгілі, уатсапқа кіре алмай қалады Жұмағалиев мырза!

Цифрландыру, интернет, egov.kz, 5G...

Сәуір 15, 2020
Жаңалықтар, Пікір, Технология

Қазіргі мың құбылған заманда цифрландырудың аса өзектілігін түсінген сияқты болған елімізде бұл салаға қыруар қаржы құйылып, бірқатар батыл жобалар қолға алынғандай еді… Бірақ… қауіпті індеттің алдын алу мақсатында ірі қалаларда халық жаппай оқшауланып, ғаламтордағы мемлекеттік қызметке сұраныс күрт артып еді, іс жүзінде олқылықтың көптігі байқалып қалды.

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Министр коронавирус індетіне байланысты ахуал жақсарып келе жатқанын айтты. Дегенмен тағы қаржы қажет

Ауылға әлі сапалы интернеттің жетпегені белгілі ғой, бірақ өркениет ортасы деген бас шаһарлардың өзінде алғашында онлайн жүргізіледі деген оқудың өзі неғұрлым қарапайым қашықтық дегенге көшіп, білім министрі Асхат Аймағамбетов бұл тұста қауқарсыздығын мойындады. Ауылдағы жастардың интернетке қосылу үшін иен даладағы төбеге көтерілуге мәжбүр болатынын қайтеміз. Ел Төтенше жағдай кезінде беріліп жатқан 42 500 теңге әлеуметтік төлемге әлі жете алмай әлек. Телекоммуникация бағытындағы ұлттық компания «Қазақтелеком» Мәдениет министрлігімен тізе қосқан райда «Карантиндегі жұлдыз» жобасында өнер адамдарына ән шырқатып қойғанымен, қарны ашқан қалың бұқара азын-аулақ болсын көмек қаржыға жүрек жалғағысы келеді ғой. Тіпті шыдамай көшеге шығып кеткенін несіне жасырамыз. Ішкі істер министрлігі құрған карантин аумағында көлікпен жүріп-тұруға рұқсат беретін сайт бір көлікке байланысты саналуан дерекпен таңғалдырып қызық болса, елордада мұндай сайттың ресейлік блогердің поштасына жөн сілтегені қайран қалдырды.

Құзырлы министр Асқар Жұмағалиев еговтың құлап түсуінің аса зор жүктемемен түсіндіргендей болды. Рас, бұл басшыға дейін де жақсы бағдарламалардың қабылданғанын әділдікпен айғақтау керек. Мысалы осы электрондық үкіметтің арқасында кезінде «РНН» алу үшін ауданға сабылып, сірескен шенеуніктің аузына қарайтын жұрт айналдырған бес-он жылдың әр жақ, бер жағы бір тетікті басып небір құжаттарды иемденетін жағдайда еңсесі көтерілді. Сондай-ақ салыстыра қарағанда қазақстандық ғаламтор байланысының ақырындап болсын арзандап, қолжетімділігі артып келетінін ұмытпаған абзал.

Алайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТЖ тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі мемлкеттік комиссия отырысында күйрей құлап түскен отандық интернеттің әлсіздігін ашық көрсетіп, қалыптасқан ахуалды сынға алды. Айтпақшы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі де Біржан Нұрымбетов кеше ғана өз тарапынан кешірім де сұрады.

Енді міне бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов қазіргі сәтте интернет желісінің ең қажет құрал болып отырғанын айтып, әр қазақстандықтың жоғары жылдамдықтағы интернетке сұранысын өтеу басты назарда екеніне сендірді.

«Байланыс операторларымен бірлесе бірқатар жобалар атқарылуда. 1250 ауылды интернет желісіне қосу жүргізілуде.  Осы жылғы үш айдың ішінде жалпы қызмет көрсету көлемінде интернетті кәдеге жарату 36,3%-ды құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13,5%-ға ұлғайды. Бұған ел аумағында ТЖ жарияланып, көптеген өңірлерде карантин тәртібінің енгізілуі себеп болғаны аян», – деген вице-министр шағын елдімекендерді сапалы ғаламтормен қамту ақсауда екенін растап, қазіргі таңда 607 ауыл талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылғанын, қалғаны жылдың аяғына дейін қосылып болатынын уәде етті.

Министрдің орынбасары тұрғындары 250 адамнан асаты 928 ауылдық елдімекен интернет байланысының «3G» және «4G» деңгейіне қол жеткізетінін мәлімдеді. Ал қаладағылар «5G» болып қала ма деп армандап жүр…

Тегтер: 4GАсқар Жұмағалиевауылцифрландыру
 
Алдыңғы жаңалық

#42500теңге – өзекті сұрақтарға жауап

Келесі жаңалық

Шымкенттік кәсіпкерлер мерекеде жұмысқа кіріседі

Ұқсас жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КОРОНАВИРУС

Қоғам

Карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт оны жауып тастауға мәжбүрледі

Басты жаңалықтар

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

Басты жаңалықтар

Тоқаев әкімдерді тағы өткір сынға алды. Көмектің бәрі қалада, ауыл айдалада қалды

ТАНЫМАЛ

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері
Басты жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр
Басты жаңалықтар

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Қаладаның өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Қаланың өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Карантин 2 тамызға дейін созылады. 42500 теңге өтініш негізінде беріледі

Карантин 2 тамызға дейін созылады. 42 500 теңге өтініш негізінде беріледі

Президент коронавирусқа шалдыққан адамдарға нақты көмек көрсетуді тапсырды

Қала мен ауыл мектептерінің арасындағы айырмашылықты қысқарту керек

Яндекс.Метрика
  • Жоба жайлы
  • Жарнама

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Русская редакция
  • Жаңалықтар
  • Басты жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Орталық Азия
  • Экономика
  • Пікір
  • Талдау

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz