Жексенбі, Ақпан 28, 2021
ҚАЗ
РУС
Qazpulse.kz
#КОРОНАВИРУС
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Qazpulse
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Басты жаңалықтар

Аягөздегі төрт баланың өлімі: эксгумациясыз болмайтын сияқты. Тәрбиешілер өз шындығын айтты (ВИДЕО)

Кейіпкерлердің есімдері олардың жеке өмірін қорғау мақсатында өзгертілді. Редакцияда шынайы деректер бар.

Мамыр 26, 2020
Басты жаңалықтар, Видео, Жаңалықтар, Талдау, Қазақстан, Қоғам

Бір уақытта 4 ерекше бала қайтыс болған Аягөз арнайы мектеп-интернатына қатысты жанжал өрши түсуде. Соңғы 1 жылда еліміздің шығысындағы шағын қала екі мәрте күллі Қазақстанның назарын аударды. 2019 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше балаларға қатысты зорлық-зомбылық деректері туралы елді дүрліктірген жарияланым пайда болды. Бұл жаңалықты балалар омбудсмені Аружан Саин іліп алып кетіп, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бұл мәселені жеке бақылауға алғанын айтты. Тергеу 8 айға созылып, қылмыстық құрамның болмауына байланысты тергеу тоқтатылғаны сол еді, тағы бір жанжал орын алды – бір айдың ішінде осы мектеп-интернаттың 4 тәрбиеленушісі қайтыс болды. Мұны да көпшілік интернат басшылығынан емес, журналистер мен бала құқығы жөніндегі уәкілден білді. QazPulse тілшісі неврологиялық аурулары бар балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатта не болып жатқанын және балалардың неліктен топ-тобымен ажал құшатынын білу үшін Аягөзге аттанды.

Балаларыңыз бен немерелеріңіз қандай кітап оқып жүр? Сенаторлар бұл сұрақты Үкіметке төтесінен қойды

Аягөзге келген кезде мекемеде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған тексеру өтіп жатты. Комиссия келгенге дейін үш тәрбиеші интернаттан жұмыстан шығарылды. Біз тәрбиешілердің жұмыстан шығарылуына балалардың өліміне байланысы бар-жоғын білу үшін олармен кездесуді шештік. Бұрынғы қызметкерлермен әңгімелесу барысында, біз балалардың қайтыс болуымен қатар, сәуір айында мекемеде жалақыға байланысты ішкі еңбек жанжалы туындағанын білдік.

Бұрынғы тәрбиешілердің пікірінше, дау бірдей қызметті атқаратын қызметкерлер арасындағы жалақы айырмашылығына байланысты туындаған. Қызметкерлер мен басшылық арасында ұрыс болған, содан кейін олардың айтуынша, кейбір тәрбиешілердің қысымы көтерілген.

Ұжым ішіндегі жанжалдар

Тағы бір ауыр күннен кейін тәрбиешілердің төсекке басын қойғаны сол еді, кенеттен оларды жедел түрде интернаттың ойын алаңына жинап, қазір алкогольге тест тапсыруға баратындықтарын мәлімдепті.

«Мен бұл біреудің әзілі деп ойладым. Шынында да құқық қорғау органдарының қару-жарақтары бар, жилетті өкілдері тұрғаны белгілі болды. Атыс-шабыс фильмдері сияқты. Оларға мастардың төбелесі болып жатыр депті», – дейді тәрбиеші Алена Федорова.

Оның айтуынша, оқиға орнына келген полиция басшылыққа қызметкерлермен мәселені ұжым ішінде шешіп, оларды аумақтан шығармауын ұсынған, өйткені интернат 8 сәуірден бастап карантинге жабылған еді. Алайда меңгеруші райынан қайтпай, 45 адамды медициналық тексеруге үш рет кезекпен жібереді, осылайша карантин тәртібін бұзады.

Жұмыстан босатылған қызметкерлердің қанынан алкоголь табылған, бірақ әйелдердің өздері ішімдік ішпедік дейді, тек дәрілік тұнба ішкен.

«Менде жоғары қысым бар, өйткені гипертониялық науқас ретінде 20 жылдан бері тіркеуде тұрмын. Мен «Сасықшөп» тұнбасын ішкем, сол шығар шыққан. Түтікке бес рет үрледім, содан кейін олар саптамасын ауыстырды, мен білмеймін, мүмкін оған бірдеңе жұқтырылған шығар, содан кейін ғана анықтады. Алғаш рет үрлеген кезде 0.00 болды, бірнеше рет көргеннен кейін құрылғы алкогольдің ең аз мөлшерін – 0,15 пролмилле көрсетті», – дейді сұхбаттасушымыз.

Қызметкерлер тексеруден өткеннен кейін, қайтадан карантиндік режимді бұзып, коронавирусқа тексерместен интернатқа алып келген. Осылайша қанынан алкоголь табылған үш әйел қызметкер жұмыстан босатылған. Қазір олар жұмысына қайта оралу үшін сотқа талап дайындап жатыр. Алайда, интернаттағы дереккөздің айтуынша, сол түні тәрбиешілердің бірінің туған күні болған және олар бір шөлмек ішімдік ішкен.

Балалар неден қайтыс болды?

Ішкі келіспеушіліктерге қарамастан, жұмыстан шығарылған қызметкерлер бала күтімі дұрыс болғанын және оларды жақсы тамақтандырғандарын айтады. Тәрбиешілер жыл сайын кем дегенде бір мектеп-интернат тұрғыны қайтыс болатынымен, 4 бүлдіршіннің өлімі олар үшін де қатты соққы болғанын мойындайды. Мектеп-интернатта барлығы 102 бала өмір сүрсе, төртеуі қайтыс болып, екеуін отбасыларға асырап алуға берген, тағы үшеуі ауруханада әлі емделуде. Сонымен қазір интернатта 93 бала тұрады.

«Осыдан он жылдай бұрын бұл балалар өздігімен жүріп, такси жүргізушілерінен қайыр сұрайтын. Басшылық ауысқаннан кейін бәрі өзгерді, бұрынғы директор (Қайрат Темірханов – ред.) тәрбиеленушілердің тамағы, киім-кешегі жақсы болуын талап етті», – дейді Федорова.

Тәрбиешілердің балаларға дұрыс күтім жасалғаны туралы Аягөз аудандық ауруханасының бас дәрігері Шалқар Омаров та растап, күтім жақсы, денелерінде белгі жоғын атап өтті. Балалар жуынған, таза, тырнақтары, шашы алынған.

Алайда, түрлі ақпарат құралдары балалардың арып-ашығанын, бұл өлімнің себептерінің бірі болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Мектеп-интернатта төрт бала қайтыс болған Аягөз аудандық ауруханасының бас дәрігері қайтыс болған тәрбиеленушілер шынымен де жүдеп келгенін жоққа шығармайды.

Бірақ, ол мұның тамақтанумен байланысты емес, олардың негізгі ауруының салдары екенін түсіндірді – балаларда ауыр туа біткен патология болған.

 «Бізде әлсіздік – кахексия деген диагноз көрсетілген. Бұл балалардың кахексиясы негізгі ауруымен байланысты. Қайтыс болған балалар төсекке таңылғандар қатарында болған. Ауруханаға жатқызу кезінде олардың жағдайы ауыр болды. Бұл ауыр, туа біткен неврологиялық патология. Бұл баланың церебральды сал ауруы, жүрек жеткіліксіздігі, өкпе жеткіліксіздігі. Осындай диагнозы бар 15 жастағы бала физикалық дамуында өз құрдастарынан едәуір артта қалады, олар үнемі төсекте жатады», – дейді бас дәрігер Шалқар Омаров.

Ауруханаға жатқызу кезінде балалардың температурасы және ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекция) белгілері болған. Олар коронавирусқа тексерілген, нәтижелері – теріс. Интернатта қызылша ауруы тарағанымен, қайтыс болған балалар қызылша ауруынан зардап шекпеген. Ауруханада қайтыс болғандардан басқа тағы 13 бала жеткізілген, көпшілігі шығарылған, үшеуі ғана ауруханада қалып отыр. Қазір ауруханада комиссия жұмыс істеп жатыр, олар өлімнің нақты себебін анықтауы керек, балаларды эксгумациялау (мәйітті қайта тексеру үшін жер қойнауынан қазып алу) мәселесі қаралуда.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті тергеу Қылмыстық кодекстің 317 «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы» бабы бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады. Алдын ала ақпарат бойынша, балалар ауруханаға өте кеш жеткізілген, олар көптеген мүшелерінің жеткіліксіз жұмысынан көз жұмған.

Қызыл уылдырық пен ақсерке қайда кетті?

Интернат балаларға азық-түлік сатып алуға миллиондаған теңге бөлгені белгілі: ақсерке балығы, жылқы еті, сиыр еті, қызыл уылдырық, какао, шоколад және басқалары. Балалар омбудсмені Аружан Сайын жоғарыда айтылғандардың бәрі тәрбиленушілердің өзіне жетпеген деп санайды, бұрынғы басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуы мүмкін. Оның айтуынша, тексеру кезінде қоймада тауарлар қоры жұтаң болған.

Бірақ мекеменің бұрынғы және қазіргі қызметкерлері бірауыздан балаларға арналған дәмді тағамдар шынымен сатып алынғанын, тәрбиленушілерді мереке және демалыс күндері тамақтандырғандарын айтады.

Фото: ҚР Білім және ғылым министрлігі
Фото: ҚР Білім және ғылым министрлігі

«Барлық тамақ балаларға жетеді. Егер олар аш болса, айқайлап, ұйықтамай қояды. Менің кезімде ақсерке де, уылдырық та берілді. Неге берілмесін? Егер ол рационда болса. Денсаулық сақтау министрлігінің тамақтану нормасы бар. Оны сатып алмай көріңіз, СЭС басыңызды жұлып алады», – дейді Қайрат Темірханов.

Тәрбиленушілер үшін тек ас өнімдері ғана емес, одеколон, кремдер де сатып алынған. Интернаттың негізгі мақсаты – қарапайым өмірге мүмкіндігінше жақын жағдай жасау. «Неліктен балалар тәтті иіспен аңқи немесе бөртпелерден қолдарын ылғалдай алмайды?», – деп қарсы сұрақ қояды интернат қызметкерлері.

Бұл жерде кім өтірік айтып отырғанын тергеу анықтауы тиіс.

Интернатта зорлық-зомбылық болды ма?

Бұл арнайы мектеп-интернаттағы соңғы бір жылдағы екінші тергеу. Біріншісі оқушыларға қатысты ықтимал зорлық-зомбылыққа қатысты болды, оны жұртшылық бұрынғы интернат қызметкерлерінің бірі түсірген бейнежазбадан кейін білді. Түсірілім кезінде екі кішкентай бала біреудің олармен жыныстық қатынасқа түскенін айтады. Бірақ полиция оны растайтын дәлелдер таба алмаған және қылмыстық құрамның болмауына байланысты іс жабылған.

Алайда осы балалармен жұмыс жасаған тәрбиеші зорлық-зомбылық дерегі болған деп болжайды. Бірақ ол бұл тақырыпта журналистермен ешкім сөйлеспейтінін айтады, өйткені ешқайсы өз жұмыс орнынан айырылғысы келмейді.

«Зорлау шынымен болған сияқты. Бірақ сізге бұл туралы ешкім айтпайды. Ауру балалар ғой онда», – дейді тәрбиеші Лаура Айтқазина.

Бұл мекемеге ақыл-ой дамуында артта қалған, сонымен қатар церебралды сал ауруы, эпилепсия және шизофрениядан зардап шегетін балалар түсетінін түсінген жөн. Бас дәрігер Шалқар Омаровтың айтуынша, бұл балалар бір-бірін жыныстық қатынасқа мәжбүрлей алмайды.

 «Балалардың церебральды сал ауруы – бұл ауыр неврологиялық ауру. Олар физикалық жағынан бір-бірін зорлауға қауқарсыз. Онда балалар қараусыз қалмайды. Тіпті күтушілер оларға дезодорант сепсе де, олар құтыны бірден алып кетеді, өйткені балалар оны жеп қоюы мүмкін. Барлық жерде камера бар», – дейді Шалқар Омаров.

Айнала толы камералардың болуын бұрынғы директор Қайрат Темірханов та растады. Оның айтуынша, оның кезінде мекемеде 40-қа жуық камера жұмыс істеген, ол кеткеннен кейін тағы соншасын орнатқан. Интернаттағы балалар тәулік бойы тәрбиешілердің бақылауында және қадағалауында.

«Олардың бәрі балаларды жақсы көреді. Онда өз жұмысына шын берілгендер жұмыс істейді ғой, қарапайым адам бір айдан кейін ол жерден қашып кетер еді. Сонымен қатар қыздар мен ұлдар әртүрлі ғимараттарда. Бала күтушілеріне жүктеме өте үлкен, әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер солардың мойнында. Баланың бір минуттық бос уақыты болмауы үшін күні бойына кесте бар», – деп атап өтті Қайрат Темірханов.

Бұрынғы директор балалар бір-біріне байқаусызда зиян келтірмеу үшін денсаулығы мен ақыл-ой қабілеттерінің физиологиялық жағдайына сәйкес топтарға бөлінетінін айтты. Сонымен қатар бөлек төсекте жататын топ бар. Жыл сайын интернат тұрғындары оларға одан да ауыр сырқаттармен келеді. Егер бұрын кәмелетке толған соң балалар әлеуметке бейімделе алатын болса, қазір төсек тартып жатқандар көп.

«Мұнда төсекке таңылған балалар бір-бірін зорлай алмайды. Ол кішкентай балалар. Олардың мұны істеуге тіпті ақыл-ой қабілеті де жетпейді», – дейді балалармен жұмыс жасайтын психиатр.

Балалар жыныстық қатынастың не екенін білмейді, тіпті егер олар білсе де, физикалық және психикалық ерекшеліктеріне байланысты оны өмірде қайталай алмайды деп мәлімдеген бас дәрігер, психиатр және бұрынғы директормен әңгімелескеннен кейін, біз бір жыл бұрын Total.kz порталында жарияланған, балалардың зорлық-зомбылық туралы айтқан жазбасын қайта қарап шығуды жөн көрдік.

Видеодағы әр дыбысты мұқият тыңдап отырсақ, кадр сыртындағы адамның, бәлкім тәрбиешінің, сыбырлап отырғаны байқалады (00:35, 00:48, 00:58), сұрақтарды ма, қажет сөздерді ме, әйтеуір соның сөздерінен кейін ғана балалар сұрақтарға жауап береді, арасында тәрбиешінің айтқан сөз тіркестерін қайталайды. Видеода балалар жыныстық қатынасты күнделікті заттар туралы айтқандай суреттейді. Егер сіз балалар айтқан сөзден «секс» деген сөзді алып тастасаңыз, онда балалар жыныстық қатынасты сипаттап отырмағандай сияқты сезіледі. Сонымен бірге видеодағы ықтимал жәбірленушілердің бірі өзін 100 рет зорлады деп мәлімдейді.

Интернатқа шетелдіктер келіп тұрады

Зорлау оқиғасын интернетте балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Сайын кеңінен жариялап, таратты. QazPluse тілшісіне берген сұхбатында балалар омбудсмені тексеру нәтижелеріне сенбейтінін және істің қайта басталуын талап еткенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, жыныстық зорлық-зомбылықтың ықтимал құрбандары туралы ролик жариялаған тәрбиеші Алматыда полиграфтан тесттен өткен, нәтижелері әйелдің өтірік айтпағанын көрсетті.

Балалар омбудсмені Аружан Сайынның пікірінше, Аягөздегі орталықты жауып, оны Семейге немесе Өскеменге көшіру керек.

Оның сөзінше, балалардың өлімі мен зорлық-зомбылықтың айналасындағы шудан басқа, ұйымда медициналық құжаттарды толтырудағы қателіктерден бастап, қызметкерлердің біліктілік дәрежелерінің болмауына дейін көптеген басқа да заңбұзушылықтар болған.

Фотода: Фиона Коркоран

Мекемеге қаржылық қолдауды Солтүстік Ирландиядан шетелдік демеушілер көрсетеді. Мысалы, Фиона Коркоран интернатқа жаңа автобус сыйлап, жеке корпус тұрғызды, ол Аягөз орталығына жиі келіп, ерекше балалармен уақыт өткізеді. Қайырымдылық қызметі үшін Нұрсұлтан Назарбаев әйелді төсбелгімен марапаттады. Өткен жазда болған жанжалдан кейін Коркоран мектеп-интернаттың басшылығымен байланысып, балалар шынымен зорланғанын-зорланбағанын сұраған және тіпті келгісі келген. Алайда оны тергеуге қысым ретінде қабылдауы мүмкін екенін ескертіп, келмеуге көндірген.

Қазір арнайы мектеп-интернатының ұжымы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ашық хат дайындауда, онда олар осы мәселе бойынша өз ұстанымын білдіріп, әділдік талап етуға ниетті.

Данияр Әділбеков

Тегтер: 4 баланың өліміАружан СаинАягөз арнайы мектеп-интернатыерекше балаларзорлық-зомбылықФиона КоркоранШҚО
 
Алдыңғы жаңалық

«Adidas» пен «Nike» аяқкиімдерін қолдан жасаған азамат жауапқа тартылды

Келесі жаңалық

Блок-бекетте бірнеше полиция қызметкерін өз әріптестері мерт еткені расталды

Ұқсас жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КОРОНАВИРУС

Қоғам

Карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт оны жауып тастауға мәжбүрледі

Басты жаңалықтар

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

Басты жаңалықтар

Тоқаев әкімдерді тағы өткір сынға алды. Көмектің бәрі қалада, ауыл айдалада қалды

ТАНЫМАЛ

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері
Басты жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр
Басты жаңалықтар

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Қаладаның өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Қаланың өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Министрлік алдындағы митинг: көпбалалы аналар наразылығының мән-жайы

Министрлік алдындағы митинг: көпбалалы аналар наразылығының мән-жайы

50 мың теңге тағы беріледі. Өтініш беріп керек жоқ, өздері тауып алады

50 мың теңге тағы беріледі. Өтініш беріп керек жоқ, өздері тауып алады

Яндекс.Метрика
  • Жоба жайлы
  • Жарнама

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Русская редакция
  • Жаңалықтар
  • Басты жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Орталық Азия
  • Экономика
  • Пікір
  • Талдау

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz