Сейсенбі, Наурыз 2, 2021
ҚАЗ
РУС
Qazpulse.kz
#КОРОНАВИРУС
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Qazpulse
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Пікір

Балаларыңыз бен немерелеріңіз қандай кітап оқып жүр? Сенаторлар бұл сұрақты Үкіметке төтесінен қойды

Депутат Нұртөре Жүсіп бастаған сенаторлар тобы көпшілікті толғандырған мәселе жайлы Үкімет басшысына сауал жолдады.

Маусым 4, 2020
Жаңалықтар, Пікір, Қазақстан, Қоғам
Балаларыңыз бен немерелеріңіз қандай кітап оқып жүр? Сенаторлар бұл сұрақты Үкіметке төтесінен қойды

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп

«Сіздердің балаларыңыз бен немерелеріңіз қандай кітап оқып жүр? Солардың арасында Қазақстанда шыққан кітаптар бар ма? Бар болса, олардың сапасына көңілдеріңіз тола ма?» деген сауалдарға ҚР Премьер-министрі Асқар Маминның беретін жауабы қызық болып тұр.

Министр коронавирус індетіне байланысты ахуал жақсарып келе жатқанын айтты. Дегенмен тағы қаржы қажет

Карантин 2 тамызға дейін созылады. 42 500 теңге өтініш негізінде беріледі

«Қазақстан Жазушылар одағының 700 мүшесінен балалар әдебиетімен айналысатын 70 жазушы шықса, бөркімізді аспанға атар едік. Қазақстанда мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он алты жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған тартымды туындылар жетіспейді», – деді бүгін мәлімдемесінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп деп хабарлайды QazPulse тілшісі.

Бауыржан  Момышұлының «Ертегісіз  өскен  бала  рухани  мүгедек адам» деген  қанатты  сөзі бар. Гүлге су құймаса – солып қалады. Өспейді. Балалар әдебиеті де сол гүл сияқты. Бұл салаға қомақты қаржы құйылмаса, ешкім жөндеп айналыспайтын болады.

Кембридж тәсілі бойынша, 1-сыныпқа кірген оқушының сөздік қоры үш мың сөзге жетуі керек. Ата-анасы күні бойы жұмыста, сәби кезінде ертегі тыңдамаған, тақпақ жаттамаған балада сөздік қор қайдан болсын?

Горькийдің «Балалар жазушысы өзге жазушылардан да сапалы жазуы керек» дейтін сөзі бар.

Кішкентайлар үшін шығарма жазу оңай емес. Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, әрбір онжылдықта дүниеге келген сәби, бала психологиясы бір-бірінен мүлдем алшақ болады екен. Баланың жанын түсінбей, жақсы туынды шықпайды.

Сондықтан халықтың рухани ахуалын балалар әдебиетінің дамуымен өлшеу керек.

«Біз мемлекеттік тіл неге өз дәрежесінде дамымай отыр деген сауалды жиі қоямыз. Балалар әдебиеті дұрыс өркен жайғанда ғана мемлекеттік тілдің тұғыры берік болады. Бұл сауалға мемлекет тарапынан «қаржы жоқ» деген жауап естуіміз мүмкін», – деген Нұртөре Жүсіп келесі деректерді жайып салды.

Елімізде жыл сайын әлеуметтік бағдарланған мемлекеттік тапсырыс бойынша 2018 жылы 1 миллиард 845 миллион теңгеден астам, 2019 жылы 1 миллиард 101 миллион теңге бөлінген. Соның ішінде балалар әдебиетіне бөлінгені – тиісінше 89 млн 183 мың және 19 млн 420 мың  теңге. 2020 жылға 821 млн 615 миллион теңге бөлу жоспарланса, соның 46 848 миллион теңгесі балалар әдебиетіне арналған.

Шығатын кітаптардың ішінде балалар әдебиетінің үлес салмағы өте төмен. Таралымы да, сапалық жағы да көңіл көншітпейді.  Кейбір авторлар кітаптарды өз қаражатына шығарады.

Баспа ісі, журналдар балаларға арналған материалдарды қызықты етіп жеткізудің жан-жақты жолын қарастыру керек.

Қазір әлемде полиграфия жақсы  дамыған, дизайн мен графиканың уақыты.

Қазақстандағы баспалар жұмысы халықаралық стандарттарға сай келмейді. Халықаралық тәжірибелерге сүйену керек. Шетелде автор, иллюстратор, баспагер, әдеби агент – тұтас шығармашылық топ күш біріктіреді. Бұл ретте бізге алысқа бармай-ақ, Ресей тәжірибесінен үйренуге болады.

Ресейде Aromabook, Scentbook деген баспалар бар. Алма туралы өлең болса, алманың иісі шығады. Өте тартымды. Кітапқа ұялы телефоныңызды жақындатсаңыз суреттер қимылдайды. Мұндай кітапты көрген балалар жабысып қалады.

Ресейде «Театр теней» деген де керемет қосымша бар. Сурет арқылы балаларды әдебиетке қызықтырады.

Ауылдық мектеп кітапханаларында балаларға арналған әдебиеттер жеткіліксіз. Интернет және гаджеттер ғасырында балалар кітап туралы ұмытпауы тиіс.

Балалар әдебиетін дамыту үшін – балалар драматургиясы, балалар прозасы, балалар поэзиясы деген түрлі бәйгелер мен конкурстар ұйымдастырып тұру керек. Қуыршақ театрларындағы балаларға арналған репертуар тым жұтаң. Олардың көбісі ересектерге арналған.

Қазір біз барлық күшті балалар әдебиетін дамытуға салуымыз керек.

Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамытуға «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша да біраз қаражат көзделген.

«Мемлекетте қаражат жоқ емес. Соның ең кем дегенде 50 пайызын балалар әдебиетін дамытуға бағыттау қажет», – дейді сенаторлар.

Еуропаның мемлекеттерінде, сондай-ақ  Ресей, Латвия, Бельгияда кітаптарға салынатын қосымша құн салығы 5 пайыздан аспайды.  Ұлыбритания, Ирландия, Норвегия, Польша, Украина елдерінде кітапқа салық мүлдем салынбайды.

Ұсыныстар:

  • «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы және «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасының шеңберінде, сондай-ақ мемлекеттік тілді дамытуға арналған қаражат көздерінен балалар әдебиетін дамытуға арнайы қаржы бөлу ұсынылады;
  • балаларға арналған кітаптарды басып шығаруға жеңілдік беру үшін қосылған құн салығынан босату қажет;
  • Ұлттық мультфильмдер шығару ісінде жекеменшік компанияларды қаржылай қолдау тетіктерін қарастыру;
  • жергілікті әкімшіліктер тарапынан кітапханаларды «Балалар әдебиеті» бағдарламасын жасап, шыққан жаңа кітаптармен толықтыру;
  • жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін электронды оқулықтарды енгізу. Мұндай кітаптар қолдануға өте тиімді, барынша ыңғайлы, қазіргі заман талабына сай болғаны жөн.

«Сондықтан, Үкімет қазақ балалар әдебиетін дамытудың кешенді бағдарламасын жасап, аталған шараларды қолға алуы қажет деп есептейміз», – деп түйіндеген депутаттар тобы Премьер-министр Асқар Маминнен көтерілген мәселе бойынша толық жауап беруді талап етіп отыр.

Тегтер: 4 баланың өліміАсқар Маминбалалар әдебиетідепутаттық сауалкітапНұртөре ЖүсіпСенат
 
Алдыңғы жаңалық

Полиция Kaspi Bank басшысы Вячеслав Кимнің қос азаматтығы бар-жоғын тексеруде

Келесі жаңалық

Карантиндегі митинг. Министр коронавирус кезінде ереуілдеуге мүлде қарсы екендігін айтты

Ұқсас жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КОРОНАВИРУС

Қоғам

Карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт оны жауып тастауға мәжбүрледі

Басты жаңалықтар

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

Басты жаңалықтар

Тоқаев әкімдерді тағы өткір сынға алды. Көмектің бәрі қалада, ауыл айдалада қалды

ТАНЫМАЛ

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері
Басты жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр
Басты жаңалықтар

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Қаладаның өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Қаланың өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Аягөздегі төрт баланың өлімі: эксгумациясыз болмайтын болды ма?

Аягөздегі төрт баланың өлімі: эксгумациясыз болмайтын сияқты. Тәрбиешілер өз шындығын айтты (ВИДЕО)

Алакөлде алып жыланның пайда болғаны рас па? Маман жауап берді (ВИДЕО)

Алакөлде алып жыланның пайда болғаны рас па? Маман жауап берді (ВИДЕО)

Яндекс.Метрика
  • Жоба жайлы
  • Жарнама

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Русская редакция
  • Жаңалықтар
  • Басты жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Орталық Азия
  • Экономика
  • Пікір
  • Талдау

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz