Сенбі, Ақпан 27, 2021
ҚАЗ
РУС
Qazpulse.kz
#КОРОНАВИРУС
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Qazpulse
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша сертификат үлестіруде өзгерістер бар

Мемлекеттік бағдарламаның қатысушыларына тұрғын үй сертификаттарын беруге өтініштер қабылданып жатыр.

Маусым 29, 2020
Жаңалықтар, Экономика, Қазақстан, Қоғам
Атаулы әлеуметтік көмек пен мүгедектік өтінішсіз ұзартылады. Тағы 3 айға

Көрнекі сурет - ашық дереккөзден

«Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында сертификаттар ағымдағы жылдың екінші жартысында үлестіріле басталмақ. Бұл туралы inbusiness.kz іскерлік порталына сілтеме жасап, QazPulse тілшісі хабарлайды.

Қазақстандықтар аз ғана уақытта үйі өртеніп кеткен отбасыға қажет соманы жинап берді (ВИДЕО)

Пәтерлерді жалған жалға беріп келген алаяқ әйелден зардап шеккендер іздестірілуде

Аталған бағдарлама бойынша ипотекалық несие 2 пайызбен 20 жылға дейінгі уақытқа беріледі. Сондай-ақ, алғашқы жарна баспана құнының 10 пайызы болуы тиіс. Оған көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады. Сәйкесінше, тұрғын үй сертификаттары да осы санаттағы тұрғындарға беріледі.

Павлодар қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Лариса Кузменованың айтуынша, биыл 29 сәуірде тұрғын үй сертификаттарын беру ережесіне өзгерістер енгізілген.

«Мемлекеттік қызметтің нақты мерзімдері мен тапсырылатын құжаттар тізілімі бекітілді. Бұрын сертификат тек жаңа үйлер сатып алуға берілсе, енді қайталама нарықтан алынатын баспаналарға да үлестірілмек. Құжатта жоғарыда аталған санаттардан бөлек, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласында сұранысқа ие мамандар, әлеуметтік қамсыздандыру, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер де тұрғын үй сертификаты берілетіндер қатарына кіргізілді. Бірақ, олар «7-20-25» бағдарламасы арқылы баспаналы болғанда бұл көмекті ала алады. Аталмыш бағдарлама аясында сертификаттар үлестіру жылдың екінші жартысынан кейін басталмақ», – дейді Лариса Кузменова.

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушылар сертификатқа өтініш берерге дейін олардың ипотекалық несиесі мақұлданған болуы тиіс. Сондай-ақ, сатып алатын нақты пәтердің де белгілі болуы шарт.

«Айта кету керек, сертификаттың екі түрі бар. Біріншісі – қайтарымсыз әлеуметтік көмек ретінде беріледі. Оның көлемі бастапқы жарнаның 100 пайызы көлемінде, бірақ, 1 млн теңгеден аспайды. Мұндай сертификат алуға отбасының табысы оның мүшелеріне шаққанда әрқайсысына күнкөріс минимумының екі еселенген мөлшерінен аспауы талап етіледі. Бұл – 65 376 теңге. Ал отбасының әрбір мүшесіне кіріс көлемі аталған сомадан жоғары болса, онда «Бақытты отбасы» қатысушысына тұрғын үй сертификатының басқа түрі – бюджеттік несие беріледі. Яғни, мемлектеттің қайтарымды әлеуметтік қолдауы. Оның мөлшері бастапқы жарнаның 50 пайызын құрайды, алайда 1 млн теңгеден аспайды. Бюджеттік бұл несие тұрғындарға 15 жылға дейін 0,01 пайызбен беріледі», – дейді ол.

Тұрғын үй сертификатын алу үшін азаматтар жергілікті әкімдікте белгіленген тәртіптегі өтініш жазуы керек. Өтініш берушінің жеке куәлігі, балаларының туу туралы куәліктері, отбасының соңғы алты айдағы табысы туралы анықтама, ипотекалық несиенің банкте мақұлданғаны туралы анықтама тапсырады. Ол анықтамада азаматтың алатын нақты баспанасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ай сайынғы төлемі көрсетілуі тиіс. Өтініш үш күн ішінде қаралып, тұрғынға жауап беріледі. Яғни, мақұлданғаны немесе мақұлданбаса, себебі көрсетіліп, хат жіберіледі.

Тегтер: бақытты отбасыкөпбалалы отбасымемлекеттік бағдарламамүмкіндігі шектеулі жандартұрғын үйтұрғын үй сертификаты
 
Алдыңғы жаңалық

Президент ертең шұғыл жиналыс өткізеді. Онда қазіргі ахуал қаралады

Келесі жаңалық

Жапония 6G технологиясына кірісті. Үкімет қыруар қаржы бөлуде

Ұқсас жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КОРОНАВИРУС

Қоғам

Карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт оны жауып тастауға мәжбүрледі

Басты жаңалықтар

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

Басты жаңалықтар

Тоқаев әкімдерді тағы өткір сынға алды. Көмектің бәрі қалада, ауыл айдалада қалды

ТАНЫМАЛ

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері
Басты жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр
Басты жаңалықтар

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Қаладаның өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Қаланың өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Аягөздегі төрт баланың өлімі: эксгумациясыз болмайтын болды ма?

Аягөздегі төрт баланың өлімі: эксгумациясыз болмайтын сияқты. Тәрбиешілер өз шындығын айтты (ВИДЕО)

Министрлік алдындағы митинг: көпбалалы аналар наразылығының мән-жайы

Министрлік алдындағы митинг: көпбалалы аналар наразылығының мән-жайы

Яндекс.Метрика
  • Жоба жайлы
  • Жарнама

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Русская редакция
  • Жаңалықтар
  • Басты жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Орталық Азия
  • Экономика
  • Пікір
  • Талдау

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz