Қарағанды қаласы саябағы әкімшілігіндегі лауазым иелеріне байланысты заңсыз орнатылған батут бойынша қозғалған қылмыстық іс жабылды деп хабарлайды QazPulse тілшісі.
Қарағанды облысының прокуратурасы былтыр 25 мамырда болған қайғылы оқиғаға қатысты саябақ қызметкерлерінің іс-әрекетінен қызметіне салғырт қарау жайын көрмей отыр. Еске сала кетсек, ол күні ауа райы күрт бұзылып, күшті жел үрмелі ойын құралын аударып тастаған болатын.
Салдарында 11 жасар бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді.
Бүгінгі таңда, Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Талғат Мұқашевтің айтуынша, арнайы прокурорлар басқармасы жүргізген тергеу қорытындысында қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған.