Жексенбі, Ақпан 28, 2021
ҚАЗ
РУС
Qazpulse.kz
#КОРОНАВИРУС
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Qazpulse
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Басты жаңалықтар

Біржолғы 42 500 теңгелік төлемге өтініш қабылдау 17 шілде басталады. Қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде

Бірыңғай жиынтық төлемді қайта төлеудің қажеті жоқ.

Шілде 14, 2020
Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Коронавирус, Пікір, Саясат, Талдау, Экономика, Қазақстан, Қоғам
Карантин кезінде 4 миллионнан астам қазақстандық жұмыссыз қалды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов

Карантиннің қайта күшіне енуіне байланысты шілде айына тағайындалатын 42 500 теңге біржолғы әлеуметтік көмекке өтініш қабылдайтын порталдар осы жұма, 17 шілде күні  ашылады. Қазір дайындық жұмыстары жүргізіліп, тиісті ереже түзілуде.

Карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт оны жауып тастауға мәжбүрледі

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

Бұл туралы, бүгін, баспасөз мәслихатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты деп хабарлайды QazPulse тілшісі.

Өтініш беру талабының сақталып отырған себебі, ТЖ кезінде табыссыз қалғандардың қазір жұмысы жандануы немесе керісінше шаруасын дөңгелетіп келіп, дәл қазір көмекке мұқтаж болып қалуы ықтимал. Дегенмен, кейбір азаматтардың расымен бұрынғыдай төлемге зәрулігі анықталса, СМС-хабарламамен жағдайы нақтыланып, өтінішсіз тағайындау жағы сарапқа салынбақ.

«Біз жұма күні азаматтардың өтініш беруге мүмкіндігі пайда болады деп үміттенеміз, ал дүйсенбіден бастап төлемдерді тағайындауға кірісуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ біз жекелеген санаттағы азаматтар үшін проактивті форматта төлем тағайындау мүмкіндігін қарастырамыз», – деді Біржан Нұрымбетов. 

Өтініштерді бұрынғыдай 42500.enbek.kz cайты және egov.kz арқылы қабылдау көзделуде. Сондай-ақ телеграм-боттар да сол қалпы жұмыс істемек. Министрдің мәлімдеуінше, «Каспий банк» пен «Халық банк» те өтінім жинауға кірісуі мүмкін.

Төлем карантин тұсында қызметі тоқыраған жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің және өзін жұмыспен қамтушылардың өтінімі негізінде беріледі.

«Жұмысы тоқтап қалған кәсіпорын басшылары ақысыз демалысқа жіберген қызметкерлері үшін арнайы порталда өтініш береді. Оны жергілікті құзырлы орындар тексеріп отырады. Сондықтан жұмыс берушілер қазірден жұмысшыларының мәліметтерін тексеріп, құжаттарын дайындай берсе», – деді Біржан Нұрымбетов.

Жеке кәсіпкерлердің шаруасының тоқырағаны туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік бөлімшелері мен мемлекеттік кіріс мекемесі растауы тиіс.

Өзін жұмыспен қамтушыларға Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) қайта төлеу міндеттелмейді, олар да кәсіпкерлер сияқты өтінішті өздері береді. БЖТ барын, өтінім берушінің басқа да жәрдемақы алып жату ықтималдығын құзырлы орын өзі тексеріп алады.

Шектеу шараларының нәтижесінде табысын жоғалтқан азаматтарға біржолғы төлем тағайындау 20 шілдеде басталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Төтенше жағдай тәртібіндегідей халықтың жекелеген санаттарына, яғни миллионнан астам адамға азық-түлік алу үшін ақшалай жәрдем беру жалғасады.

Ал атаулы әлеуметтік көмек пен мүгедектік мерзімі ағымдағы жылдың 3-тоқсанына автоматты түрде ұзартылмақ.

Жалпы карантинге дейін жұмысынан айырылғандарға бөлек жәрдемақы қамтамасыз етілген. Ол үшін жұмыспен қамту орталығына жүгінген абзал. Студенттер мен бала күтімімен отырғандар бөлек санат ретінде қарастырылмайды.

Министр ең төменгі жалақы мөлшері болып есептелетін 42 500 теңгенің қазіргі өмір сүру деңгейінде аз екеніне келісіп, бұл соманы көбейтуді ұдайы мәселе ретінде көтеруде екенін жеткізді.

Алдаберген КЕМПІРБАЙ

 

 

Тегтер: 42 500 теңгеБиржан Нурымбетовжеке кәсіпкерлеркарантинөзін жұмыспен қамтушылар
 
Алдыңғы жаңалық

Моңғолияда бубон обасынан жасөспірім көз жұмды. Өлімді ресми орган растап отыр

Келесі жаңалық

Дәрігерлерге көмек үшін жалақыдан бас тартты. Президенттен бастап

Ұқсас жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КОРОНАВИРУС

Қоғам

Карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт оны жауып тастауға мәжбүрледі

Басты жаңалықтар

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

Басты жаңалықтар

Тоқаев әкімдерді тағы өткір сынға алды. Көмектің бәрі қалада, ауыл айдалада қалды

ТАНЫМАЛ

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері
Басты жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр
Басты жаңалықтар

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Қаладаның өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Қаланың өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Министрлік алдындағы митинг: көпбалалы аналар наразылығының мән-жайы

Министрлік алдындағы митинг: көпбалалы аналар наразылығының мән-жайы

50 мың теңге тағы беріледі. Өтініш беріп керек жоқ, өздері тауып алады

50 мың теңге тағы беріледі. Өтініш беріп керек жоқ, өздері тауып алады

Яндекс.Метрика
  • Жоба жайлы
  • Жарнама

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Русская редакция
  • Жаңалықтар
  • Басты жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Орталық Азия
  • Экономика
  • Пікір
  • Талдау

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz