Дүниежүзілік сауда ұйымы Армения, Швеция, Молдавия, Солтүстік Македония, Әзірбайжан, Албания, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Украина, Косово елдерімен бірге Қазақстанда індеттің таралуы басылмай отырғанын жеткізді деп хабарлайды QazPulse тілшісі.
ДСҰ еуропалық өңірлік бюросының жетекшісі Ханс Клюге, кәрі құрлықта COVID-19 соңғы екі аптада жиілеп кеткенін айтады. Оның сөзінше, жаңа деректер көбейген 30 елдің ішінде 11 мемлекетте жағдайды бақылауға алмаса, денсаулық сақтау жүйесі сыр беруі мүмкін.
Осы орайда, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, өкпені жасанды желдету құрылғысын сатып алуға көмектесетін демеушілер іздейтіндерін жариялады. Бұдан тыс, аймақта дәрігерлер тапшы.
Нұр-Сұлтан қаласында болса, осы демалыс күндерінде де, яғни 27-28 маусым «үй карантині» енгізіліп отыр. Қысқа уақыт аралығына, сағат 10-нан 17-ге дейін тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар, жазғы дәмханалар ғана жұмыс істемек. Елордалық бас санитарлық дәрігердің нұсқауынша, рұқсат етілген жұмыс түрлеріне және тамақ пен дәрі алуға баруды қоспағанда, үйден шығуға тыйым салынады. Қоғамдық көлік қозғалысы да тоқтатылады.