Егер мұқтаж азаматқа медициналық көмек көрсетуден бас тартылса, дереу Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 1406 нөміріне хабарласа алады.
Онда кез-келген адам емделуге немесе медициналық жәрдемді ұйымдастыруға қатысты кеңесті тыңдап, шағым қалдыру мүмкіндігіне ие деп хабарлайды QazPulse тілшісі.
«1406» бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.
Сонымен қатар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Qoldau 24/7» мобильді қосымшасын іске қосты.
Қазақстанда өткен тәулікте 1962 адам коронавирус індетіне шалдыққанын айта кету керек. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 53021. Оның ішінде жазылғандар саны – 35137.