Бейсенбі, Ақпан 25, 2021
ҚАЗ
РУС
Qazpulse.kz
#КОРОНАВИРУС
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Qazpulse
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Блок-бекеттегі трагедия. Таймерденов күдіктінің жұмыстан қашан шығарылғанын айтпай қойды

Қанат Таймерденов бұл жолы да халыққа жалған ақпарат таратқандары үшін кешірім сұрамады.

Маусым 2, 2020
Жаңалықтар, Пікір, Қазақстан, Қоғам
Блок-бекеттегі "боевик". Таймерденов күдіктінің жұмыстан қашан шығарылғанын айтпай қойды

Фото: sputnik

Бұл жолы да Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов екі полицейдің өліміне күдікті Азат Азаматовтың жұмыстан қашан шығарылғанын нақты айтпады, деп хабарлайды QazPulse тілшісі Sputnik cайтына сілтеме жасап.

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

25 мамыр блокбекетте болған апат бойынша қазір, қылмыстық істі, Алматы облысының полиция департаментінің қызметкерлері тергеуде. Себебі жол апаты солар жауапты аумақта орын алған.

Еске сала кетсек, жол-көлік оқиғасында екі полицей қаза тауып, апатқа себепші болған Азат Азаматов осы айдың басында ғана лейтенант шенін алған полиция қызметкері екені анықталды. Әуелі Алматы қалалық полиция департаменті күдіктінің ішкі істер қызметіне қатысты екенін жоққа шығарса, кейінірек олардың жалған ақпарат таратқаны белгілі болды.

Қазақстандықтар желіде жалған мәлімет таратқаны үшін Қанат Таймерденов пен полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің отставкаға кетуін талап етті. Алайда оларға жаза ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қатаң сөгісімен ғана шектелді.

Сұхбат барысында Таймерденов Азаматовтың апат кезінде полиция қызметкері болғандығын немесе оған дейін жұмыстан шығарылғанын атап айтқан жоқ, тіпті теріс ақпарат таратқаны үшін кешірім де сұрамады. Оның сөзінше, бұл мәлімет енді маңызды емес.

«Болған жайт бойынша көп айтылды да, жазылып та қойды. Иә, біздің жақында ғана жұмыстан шығарылған бұрынғы қызметкеріміз (күдікті Азат Азаматов –ред.) жол апатына себепші болды. (…) Оқиға орын алған кезде оның жұмыстан шығарылғаны немесе полицияда қызмет істеп жүргені қазір маңызды емес. Ол рөлге мас күйінде саналы түрде отырды, қандай салдары болуы мүмкін екенін білді. Қылмысқа барды және сол үшін жауап береді. Қатаң жазаланады. Бастысы осы. Сондықтан дәлелсіз болжамдар жасамай, өсек таратпай, ресми тергеудің нәтижелерін күтуге шақырамын», – дейді полиция басшысы.

Бұдан бөлек, полиция басшысы Алматыдағы креминогендік жағдай туралы, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топ жайлы мәлімдеді.

Полиция басшысының сөзінше, қазір ұйымдасқан қылмыстық топтың сипаты өзгерген. Егер 90-жылдары ҰҚТ деп бандиттер мен рэкетирлерді атаса, ендігі ұйымдасқан қылмыстық топ туралы істер көбіне алаяқтық, есірткі саудалау деректерін тергеу кезінде қарастырылады.

 «Жақында ғана біз синтетикалық есірткіні дайындау және таратумен айналысатын қылмыстық топты анықтадық. Бәрін ұстадық. Қазіргі жағдай «Төрт ағайынды» немесе «Сары Алмас» кезіндегідей деп айта алмаймын… ондай қазір мүлдем жоқ десе болады. Бүгінде ҰҚТ мүшелері ақылдырақ. Сондықтан біз де көштен кеш қалмауымыз керек. Оған қажет ресурс бізде бар», – дейді Таймерденов. 

Алаяқтықпен күрес тұрғысында, соңғы жылдары қаржылық пирамидалардың саны көбейгендіктен, күрделі экономикалық істерді тергейтін арнайы бөлімше жасақталған.

Тегтер: Азат АзаматовАлматыблок-бекетполицияСалтанат ӘзірбекҚанат Таймерденов
 
Алдыңғы жаңалық

«Басынан кірпішпен ұрған»: Шымкентте жаппай төбелестен студент көз жұмды

Келесі жаңалық

3 маусымнан бастап саябақтар ашылады, бірақ той жасауға болмайды

Ұқсас жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КОРОНАВИРУС

Қоғам

Карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт оны жауып тастауға мәжбүрледі

Басты жаңалықтар

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

Басты жаңалықтар

Тоқаев әкімдерді тағы өткір сынға алды. Көмектің бәрі қалада, ауыл айдалада қалды

ТАНЫМАЛ

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері
Басты жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр
Басты жаңалықтар

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Қаладаның өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Қаланың өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Карантин 2 тамызға дейін созылады. 42500 теңге өтініш негізінде беріледі

Карантин 2 тамызға дейін созылады. 42 500 теңге өтініш негізінде беріледі

Президент коронавирусқа шалдыққан адамдарға нақты көмек көрсетуді тапсырды

Қала мен ауыл мектептерінің арасындағы айырмашылықты қысқарту керек

Яндекс.Метрика
  • Жоба жайлы
  • Жарнама

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Русская редакция
  • Жаңалықтар
  • Басты жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Орталық Азия
  • Экономика
  • Пікір
  • Талдау

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz