Елбасының туған інісі Болат Назарбаевтың бірінші әйелі қайтыс болып, бүгін Алматы облысы Шамалған кентінің маңында жерленді деп хабарлайды QazPulse тілшісі.
Гүлжан Назарбаеваның бұған дейін жүрегі ауырып жүрген.
Жерлеу рәсімінде коронавирус қаупіне байланысты адам саны шектеулі болған. Мәйіт жер қойнауына тапсырылған зиратта тұңғыш президенттің әке-шешесі де жатыр.
Биыл 6 шілде 80-ге толатын Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болаттың жасы 67-де. Кәсіпкер, бірнеше рет үйленген.
«Мен әскерден келгеннен кейін марқұм ағам Сатыбалды «Бірінші май» деген ауылда тұратын. Бауырым екеуміз Үштөбеде жүргізуші болып жұмыс істедік. Сол совхозда Гүлжанды кездестірдім. 1974 жылы 4 желтоқсанда Шамалғанға алып келдім. Гүлжан екеумізде екі қыз, бір ұл бар. Отау құрғанымызға елу жыл болып қалды. Екеуіміз бір-бірімізді қарағанымыздан-ақ түсінеміз. Өзіңе анаңдай болып кетеді екен, еркелейсің оған. Несін айтайын…? Ондай адамды әлі күнге кездестірген жоқпын. Осы күнге дейін қарсы келген емес», – дейді естелігінде экс-президенттің інісі.