Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады, осыған байланысты Президент жарлық шығарды деген ақпарат жалған деп хабарлайды QazPulse тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
«Бұл – фейк, зейнетке шығу жасының өзгерісі туралы ешқандай сөз болған жоқ», – дейді министрлік өкілдері.
Керісінше Қазақстанда 2015 жылы зейнетақы заңнамасы өзгертілгеннен кейін, 2018 жылдан бастап кезең-кезеңмен әр 6 ай сайын әйелдердің зейнеткерлік жасы көтеріліп жатыр. 2027 қарай олардың зейнеткерлікке шығу жасы ерлердің зейнеткерлік жасымен теңесіп, 63 жасты құрайтын болады.
Әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасының кестесі:
2018 | 58 жас 6 ай | 01.01.1960 -30.06.1960 ж. |
2019 | 59 жас | 01.07.1960 – 31.12.1960 ж. |
2020 | 59 жас 6 ай | 01.01.1961 -30.06.1961 ж. |
2021 | 60 жас | 01.07.1961 -31.12.1961 ж. |
2022 | 60 жас 6ай | 01.01.1962 – 30.06.1962 ж. |
2023 | 61 жас | 01.07.1962 – 31.12.1962 ж. |
2024 | 61 жас 6 ай | 01.01.1963 – 30.06.1963 ж. |
2025 | 62 лет | 01.07.1963 – 31.12.1963ж. |
2026 | 62 жас 6 ай | 01.01.1964 – 30.06.1964ж. |
2027 | 63 жас | 01.07.1964 – 31.12.1964 ж. |
Сондай-ақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрі – БЖЗҚ) жеткілікті жинақталған зейнетақы қаражаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары зейнетақы аннуитеті құқығын (зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін зейнеткерлікке шығу) пайдалана алады. Зейнетақы аннуитеті ерлер үшін – 55 жас, әйелдер үшін – 51,5 жас мөлшерінде белгіленген. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтар 50 жастан бастап зейнетақы аннуитетін пайдалана алады.
Сонымен бірге, зейнеткерлік жастың ұлғаюы қазіргі уақытта зейнетақыныерте алуға құқығы бар әйелдерге әсер етпейді:
– 5 немесе одан да көп бала туып (асырап алып), оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер – 53 жаста;
– Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және ең жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарында 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 5 жыл өмір сүрген әйелдер – 45 жаста.
Әйелдер үшін жұмыс істемейтін ананың балаларына күтім жасаған уақытын, бірақ әр бала 3 жасқа толғанға дейін, барлығы 12 жыл шамасындағы уақытын зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтіліне есепке алу бойынша да жеңілдік сақталмақ.