Бокстан орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен осы салмақтағы WBA нұсқасы бойынша әлемнің қазіргі чемпионы, мексикалық Сауль Альварес үшінші жекпе-жек туралы келісті деп жазды АҚШ журналистері.
Әлем күткен айқас 2021 жылдың мамыр айы болып қалуы ықтимал.
Себебі, екінші жекпе-жектен 27 миллион доллар тапқан ұйымдастырушылар, үшінші жұдырықтасуды да көрермендерсіз өткізгісі келмейді.
Дереккөздің хабарлауынша, Альварес бұл тер төккені үшін 45 миллион доллар, ал Головкин – 30 миллион доллар пайда көрмек.
Еске салайық, қос боксшының 2017 жылдың қыркүйегінде өткен алғашқы төбелесі тең аяқталғанымен, екінші кездесуде Альварес төрешілердің басым даусымен жеңіске жетті.
Бұған дейін Геннадий Головкиннің туған елінде үлкен шоу жасағысы келетіні мәлім болған еді.