Әлемдегі үздік боксшылардың бірі, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақ чемпионы Геннадий Головкин қазақстандықтарға бокстан үлкен шоу тарту етуге әзір. Бірақ, отандасымыз, бәрі тек өзіне ғана байланысты емес екенін жеткізді деп хабарлайды QazPulse тілшісі Vesti.kz cайтына сілтеме жасай отырып.
«Әлбетте, Қазақстан халқы өз үйінде мұндай кешті тамашалауға әбден лайық. Олар АҚШ-тағыдай жоғары деңгейдегі, үлкен, алапат әсердегі шоуды тікелей көру мүмкіндігін иеленуі тиіс. …Мен, әрине, «Иә!» деймін. Бұл мәселеде көп нәрсе маған байланысты емес. Дегенмен аталмыш мүмкіндік туындаса, зор құлшыныспен кірісер едім», – дейді Геннадий Головкин.
Бұған дейінгі Қазақстандағы жалғыз кәсіби жекпе-жегін қазақстандық боксшы 2010 жылы Тәуелсіздік күніне орай WBA атағы үшін Астанада колумбиялық Нельсон Тапияға қарсы өткізіп, нокаутпен жеңген болатын.