Америкалық өнертапқыш Илон Маск алдағы бір жыл уақыт ішінде роботқа адамға ота жасауды үйретпек деп хабарлайды QazPulse тілшісі. Осылайша, ол, Neuralink бағдарламасы арқылы қазіргі заманғы медицинаға үлесін қосқысы келіп отыр.
Анығырақ айтсақ, тиісті бағдарламалық қамтудың барлық мүмкіндіктерін қамтыған технология жадыны жақсартып, мидағы саналуан сырқаттарға емдеуге септігін тигізбек. Сондай-ақ көру қабілеті жақсарып, адамның жүріс-тұрысы ширай түспек.
Осы орайда, бұған дейін, атақты миллиардер Билл Гейтс 5G технологиясы арқылы тұтас адамзатты басқарғысы келеді деген ақпарат дүрбелең тудырған еді.