QazPulse әлемдік БАҚ көздеріне сілтеме жасай отырып хабарлағандай, Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи елдімекенінде жолаушылар мінген әуе кемесі тұрғын үйлерге құлап түсті. Ұшақ әуежайға жетуге бірнеше минут қалғанда байланыстан ажырап, оқыс оқиға орын алған.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, ұшақ ішінде 91 жолаушы және 7 экипаж мүшесі болған. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан азаматтарының рейсте болу ықтималдығын тексеріп жатқандарын айтты.
Осы орайда Пәкістанның халықаралық әуе желілері операторы ұшақ апатының өздеріне тиесі екенін растап отыр.