Сенбі, Қаңтар 16, 2021
ҚАЗ
РУС
Qazpulse.kz
#КОРОНАВИРУС
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Qazpulse
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам

Карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт оны жауып тастауға мәжбүрледі

Демалыстан тыс көлдің тұзын саудалауға кіріскін адамдар оны ақыры жаптырып тынды.

Шілде 20, 2020
Жаңалықтар, Видео, Пікір, Талдау, Қазақстан, Қоғам
Карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт оны жауып тастауға мәжбүрледі

Сурет: ашық дереккөзден

Реңі қызғылт тартқан Көбейтұз көлі карантин кезінде астаналықтардың да, тіпті кей өзге өңірлердің тұрғындарының да сүйікті демалыс орнына айналды. Жүздеген азамат, тіпті арасында шетелдіктер де бар, алқызыл тартқан албырт көлге шомылуға, ем алуға, суретке түсуге келеді.

Көбейтұз жеке қолға сатылмайтын болды. Бұған дейін билік табиғат ғажайыбын 49 жылға жалға бергісі келді

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

QazPulse тілшісі қазір жергілікті атқарушы билік сырт көзден қымтап тастауға мәжбүр болған табиғат жәудірі жайлы шолу жасап көрді.

Қазіргі кезеңді әлеуметтік желіде осы демалыс аймағынан салынған сурет пен видео тіпті молайып кетті. Желіде арнайы тур ұйымдастырып беретін парақшалар да бар.

Алайда тұрғындардың бәрі карантин режимін сақтап, не болмаса қарапайым экологиялық, этикалық ережелерді ұстанып жатпағаны анық. Тіпті жергілікті әкімдік арнайы қоқыс жәшіктерін қойғанын да ұмытып кетеді. Су басына нақты жауапты мекеме болмағандықтан, тазалық пен тәртіпті бақылау оңай емес.

Мысалы, желі қолданушыларының бірі туристердің көл түбінен қызғылт тұзды топырақты қазып алып, зиян келтіріп, артынан «қарақұрдым ойықтар» қалдыратынын айтып дабыл қағып жатыр.

«Туристер тұзды шелектерімен қазып алып кетеді, жақын жерде тұз бен топырақты алып кетуге болмайтынын түсіндірген плакат тұр, бірақ… Бұл 15 жылдан кейін ғана қалпына келе алатын микрофлораны бұзады», – деп жазады Татьяна есімді әйел.

https://www.instagram.com/p/CCyRUoyje9m/?utm_source=ig_embed

Шынымен де, желіден тіпті Көбейтұздың тұзын елордаға әкеліп саудалап жатқандарды табуға болады.

«Көбейтұз тұзын келісін 5000 тг-ден сатамын. Көптеген ауруларды емдейді. Коронавирус және диарея кезінде көмектеседі. Шайнап, тағамға қосуға болады. Жеке ваннаға салып қабылдаңыз. Асығамыз, бар болғаны 10 шелек қалды», дейді сондай хабарландырулардың бірі.

Дегенмен, қолданушылар арасында заңды алға тартып, мұны сөгіп жатқандар да жетерлік. Әзіл-шыны белгісіз хабарлама болса да, әкелінген тұз бен топырақты парақша иесінен сұлулық салондары белсенді сұрап жатқан көрінеді.

Қазір амалсыз ахуалға орай Көбейтұздың басында мобильді бақылау тобының мүшелері қадағалап жүреді. Дауыс зорайтқыш құрылғыны пайдаланып, демалушылардан жағалаудан тарқауды сұрайды.

«Ақмола облысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің осы жарлығына байланысты бірқатар карантиндік шаралар, оның ішінде адамдар көп жиналатын орындарға, қоғамдық жағажайларға бармау ұсынылады. Осыған байланысты сөзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасауыңызды сұраймыз», – дейді мобильді бақылау тобының мүшелері демалушыларға.

Тіпті тыныш барып, тыныш кеткеннің өзінде Көбейтұзға ағылған адам легінің көбейіп кеткені соншалық, әлеуметтік желі қызғылт реңді суретке толы. Карантин кезеңінде бір жерге шоғырланған халықтің бір-бірінің денсаулығына оң әсер ете қоймасы анық.

Көл басына демалысқа барып келген азаматтардың бәрі үнсіз жатқан жоқ. Мысалы, журналист Баян Бақкелді өз парақшасында: «Көбейтұзды сақтау керек! Экологиялық ұйымдар үнсіз жатпас деп үміттенемін. Көзбен көрдім: адамдарда қарапайым экологиялық жауапкершілік, этикет, мәдениет жоқ. «Тегін емдік тұзды» қазып әкетіп жатыр. Нені емдемек? Ақылсыздық пен тойымсыздық тұзбен емделсе, қанеки?!», – деп қынжылады.

View this post on Instagram

Көбейтұзды сақтау керек! Экологиялық ұйымдар үнсіз жатпас деп үміттенемін. Көзбен көрдім: адамдарда қарапайым экологиялық жауапкершілік, этикет, мәдениет жоқ. "Тегін емдік тұзды" қазып әкетіп жатыр. Нені емдемек? Ақылсыздық пен тойымсыздық тұзбен емделсе, қанеки?! P. S. Жауып тастағаны дұрыс болды! Сұрап жатқандар үшін: Көбейтұз көлі Ерейментау ауданында орналасқан. Бөгенбай батырдың ұрпағы, Жылқыбайдың баласы Көбейдің жайлауы ретінде ертеден танымал. Көл атауының тарихы осыдан шығады. Көлдің лайы мен тұзы дертке шипа, сондай-ақ, көл бірнеше жылда бір рет қызғылт түске боялады екен.

A post shared by Bayan BAQKELDI (@bayan_baqkeldy) on Jul 20, 2020 at 1:05am PDT

Хайпты демалыс орынның екінші қырын аңдап жатқан қолданушылар да бар.

«Карантиннің арқасында дейміз бе, әлде кесірінен дейміз бе, Көбейтұз деген көлдің барын білдік. «Қазақ туризмнің» жұмысын жеңілдеттік. Ертең бюджеттің есебіне кіріп кетсе – таңғалмаймын. Жарнамаға осыншама ақша бөлдік деп жымқырып кетсе, немен дәлелдейсің!», – деп жазады журналист Бауыржан Кәріпов.

Карантиннің арқасында дейміз бе, әлде кесірінен дейміз бе, Көбейтұз деген көлдің барын білдік. "Қазақ туризмнің" жұмысын…

Опубликовано Бауыржаном Кариповым Суббота, 18 июля 2020 г.

Ақыры карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт демалыс орнын уақытша жабуға мәжбүрледі. Ерейментау ауданының әкімдігі ресми парақшасында ауданы әкімі А.Әлжанов өткізген жедел штаб отырысының хаттамасынан үзінді жариялады.

«Ерейментау ауданының тұрғындары арасында COVID-19 ауруының өсуіне байланысты және Ақмола облысы бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 04.07.2020 жылғы № 86 бұйрығына сәйкес, «Аумақта коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша карантиндік шараларды күшейту туралы», Ерейментау ауданының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін Ерейментау ауданы шекарасы аумағында орналасқан «Көбейтұз», «Құрбет», «Теңіз», «Қоржынкөл» және басқа да көлдерге баруға тыйым салынады», – делінген хабарламада.

Ерейментау аудан әкімі мен мобильді бақылау тобы адамдардың демалыс күндері көп шоғырланған "Көбейтұз","Теңіз" көліне…

Опубликовано Ereimentau Audanynyn Akimdigi Воскресенье, 19 июля 2020 г.

Қазір Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мамандарға шөгінділердің сапасы мен түбін тексеру үшін су сынамаларын алғызып, көлдің жағдайын тексеріп жатыр.

Министрлік су қоймасына тұрмыстық қалдықтар тастап, қоқыстау және оның табиғи тұзын заңсыз әкету, сонымен қатар от жағу және су қорғау аймағында уақытша құрылыстар салу жағдайлары жиілеп кеткенін алға тартады. Осыған байланысты, көлге келушілерге заңға сәйкес тиісті әкімшілік жаза қолданылатынын ескертіліп, демалудың белгіленген тәртібін, санитарлық нормалар мен экологиялық заңнаманы бұзушылар жазаланады, оған қоса айыппұлдар салынатын болады. Экология министрлігі қазақстандықтарды табиғатты құрметтеуге шақырады.

Атап өтейік, Ерейментау аймағындағы тұзды көлдер Нұр-Сұлтаннан 200 км қашықтықта орналасқан. Көбейтұз көлі Нұр-Сұлтаннан шамамен 158 шақырым жерде, көлікпен екі сағаттан сәл астам уақытта жетуге болады. Көлдің пішіні дөңгелек, ал судың ерекше түсі ондағы балдырларға байланысты. Дегенмен көл түсі ауа райына қарай ақшыл тартып та құбылады. Теңіз деңгейінен 253 метр биіктікте, Өлеңті ауылдық округінің аумағында орналасқан. Көлдің ауданы – 690 гектар, тереңдігі – 1,5 метр.

Емдік қасиеті бар орынның елордаға салыстырмалы түрде жақындығына орай, демалыс күндері бұл жерге 500-ге жуық адам келеді екен.

Тегтер: демалыс орныкарантинКөбейтұзотандық туризмтабиғатэкология
 
Алдыңғы жаңалық

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

Келесі жаңалық

Министр коронавирус індетіне байланысты ахуал жақсарып келе жатқанын айтты. Дегенмен тағы қаржы қажет

Ұқсас жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КОРОНАВИРУС

Қоғам

Карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт оны жауып тастауға мәжбүрледі

Басты жаңалықтар

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

Басты жаңалықтар

Тоқаев әкімдерді тағы өткір сынға алды. Көмектің бәрі қалада, ауыл айдалада қалды

ТАНЫМАЛ

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері
Басты жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр
Басты жаңалықтар

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Қаладаның өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Қаланың өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Балалар ересектерді барша тіршілік иесімен дос болуға шақырады

Балалар ересектерді барша тіршілік иесімен дос болуға шақырады

Шошқа дауы: Министрлік доңыз етіне сұраныстың көп екенін алға тартып отыр

Шошқа дауы: Министрлік доңыз етіне сұраныстың көп екенін алға тартып отыр

Яндекс.Метрика
  • Жоба жайлы
  • Жарнама

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Русская редакция
  • Жаңалықтар
  • Басты жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Орталық Азия
  • Экономика
  • Пікір
  • Талдау

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz