Бұған дейін бір топ алматылық белсенділер 6 маусым бейбіт жиынға шығатындарын мәлімдеген еді. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл кезде қазақстандықтардың митингіге шыққанын құп көрмейді деп хабарлайды QazPulse тілшісі.
Жанболат Мамай бастаған бір топ алматылық белсенділер 6 шілде оңтүстік астанада бейбіт жиын өткізетіндерін желіде хабарлаған болатын. Алайда денсаулық сақтау министрінің айтуы бойынша, карантин жағдайында бұқаралық іс-шараларды өткізуге болмайды, себебі бұл халық үшін қауіпті. Аталған ережені бас санитарлық дәрігер бекіткен және оны бұзған адамдарға әкімшілік жаза қолданылады.
«Бұндай жиындарды (митингіні – ред.) ұйымдастырушыларға айтарым, күте тұрыңыздар. Қазіргі жағдайда бұл адамдар үшін өте қауіпті, коронавирус таралуы мүмкін. Біз митингілердің дәл қазір өткізілуіне үзілді-кесілді қарсымыз. Заңды бәрі бірдей сақтау керек», – деп ерекше екпінмен атап өтті Елжан Біртанов бүгінгі брифинг барысында.
Қазір Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 12 мыңнан асып отыр.