Құпия деректен ішінара жарияланған деректе Қазақстан бойынша 16 аумақтық орган бойынша сілтеме берілген деп хабарлайды QazPulse тілшісі. Мұнда әзірге барлығы 1589 аты-жөн мен олар туралы қысқаша мағлұмат салынған.
Мысалға, КСРО Ішкі істер халықтық комиссириатының (халық арасында «НКВД») Қарағанды облысы бойынша құрылымына қатысты Абзал Қарасартов деген кісінің дерегі шығады. Бұл адам әлі күнге қазақтың белгілі ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлыны атты деп айыпталады.
Осы орайда, бүгін елордада өткен, саяси репрессия мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Қазақстан: тарихи тағылым саясаты» атты халықаралық онлайн-конференция барысында, Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев та саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтың Қазақстанға орасан зор теріс әсерін тигізгенін айтты.
«Бұл қолдан жасалған трагедия қазақ халқының генофонына орасан зиян келтірді, ата-бабаларымыздың ғасырлық жолын күштеп өзгертті, өмір сүрген ұрпақтарының жүрегінде терең із қалдырды», – деді ол.
Еске сала кетсек, 31 мамыр Қазақстанда саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандары еске алынып, рухтарына тағзым етіледі.