Депутаттар қоғамда дүрбелең тудырған құжатқа екінші оқылымда келісімін берді деп хабарлайды QazPulse тілшісі.
Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолованың айтуынша, қорытынды салыстырмалы кесте қабылданған 717 түзетуден тұрғанымен, әріптесі Бекболат Тілеуханның «міндетті» деген сөзді «құқылыға» ауыстыру жайлы ұсынысы қабылданбаған. Сонымен қатар, Бекболат Қанайұлының екпе салынбаған балаларға балабақшаға баруға тыйым салуды заң баптарынан алып тастау туралы талабы да ескерілмеген.
Алайда, Зәуреш Аманжолова, барлық екпелер міндеті және ерікті болып бөлінетініне, ал балаларда балабақшаға «ұжымдық иммунитет» деңгейіне қарай кіргізу қарастырылатынына сендірді.
Бекболат Тілеухан өз ұстанымында қалатынын жеткізді.
Еске сала кетсек, бұған дейін желіде жоғарыда аталған қос депутаттың қызу пікірталасы тарады.