Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің бұрынғы жауапты қызметкері, департамент басқарған Анар Қайырбекованың жаңа айыптауларына жауап беріп жатыр деп хабарлайды QazPulse тілшісі.
Экс-ректор Анар Қайырбекова министрдің кезінде жазған диссертациясын жалған деп дүйім жұртқа бір-ақ жар салды. Ол Аймағамбетовтың 2009 жылы қорғаған докторлық диссертациясы 10 жылдан кейін сапалық тұрғыда жақсартылып, өзгертілгенін айтып отыр.
Анар Қайырбекова сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінде мұғалімдерді даярлау саласында сыбайлас жемқорлықтың болуы мүмкін екенін айтып отыр. Елімізде ұстаз біліктілігін арттыруға арналған бірнеше мемлекеттік ұйым болса да, 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін БҒМ тек бір жеке ЖШС-ге 6,7 млрд тг бөлген-мыс. Қайырбекова ханым мұның бәрін қазіргі министрдің есімімен байланыстырады.
«Бұл мәселені сот шешеді. Әрине, дәл қазір сіздердің барынша көбірек ақпарат алуды қалап тұрғандарыңызды түсініп тұрмын. Алайда, меніңше мұндай сұрақтарға жауап берудің өзі ақылға қонымсыз. Сот бұл мәселеде нүктесін қойып, тиісті шешім қабылданады. Бізде жұмыс бастан асады. Жаңа оқу жылына қарқынды түрде дайындалып жатырмыз. Біз әлі талай мәселені шешуіміз керек. Сол себепті, менің бар назарым әзірге сонда», – дейді министрдің өзі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске түсірсек, Анар Қайырбекованың есімі осындай атышулы жаңалықтарда жиі аталады. Бұған дейін де кезіндегі білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы сыбайлас жемқорлыққа жол берді, әрі экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация жазу кезінде плагиат пайдаланды деп айыптаған болатын. Фатима Жақыпова Анар Қайырбекованың айыптауын «медиа-бопсалау» деп бағалаған.
Оған қоса Анар Қайырбекова сол кездегі атқарушы хатшы Арын Орсариев пен вице-министр Рүстем Биғариді қызмет келісіміне қол қою кезінде қысым көрсетті деп айыптаған еді. Оның айтуынша, сол кезеңде сервер көшіруге бюджеттен 48 миллион теңге бөлінген, бірақ мердігер жұмысты аяқтамаған.
Атап өтейік, Фатима Жақыповаға қатысты да, Рүстем Биғариға қатысты да қылмыстық істер заңбұзушылықтардың табылмауына орай жабылған.
Кейін шулы шенеунік Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры лауазымына тағайындалды. Бірақ…
Ол жерде де «даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» демекші, Анар Қайырбекова тыныш қызмет қыла алмады. ЖОО қызметкерлері жаңа ректордың үстінен шағым түсірді.
Себеп-сылтау ұшан-теңіз: «Барлық оқу процестеріне араласады, тәжірибелі ғалым-ұстаздардың пікірлерін ескермейді, «мен өзім білемін, мен бәрін істей аламын», «мен осылай шештім», «мен сізге сөз бермеймін» сөздерін қолдана отырып, басқалардың пікірін білдіруіне жол бермейді, оқу үрдісінің жағдайын білмейді, сол себепті университеттің барлық бағыттарының жұмысы тоқтатылды. Даму жоқ. Себебі ректор қандай да бір мәселе бойынша нақты тапсырма бере алмайды және аталған мәселелерге шешім таба алмайды. Әкімшіліктің әр жиналысында сөгіс пен ескерту жариялайды, қорқытады. Жұмыс уақытынан тыс уақытта жұмыскерлерді алаңдатады (18.00-23.00), оларды сенбі және жексенбіде жұмысқа жібереді. ҚР БҒМ қызметкерлері туралы теріс пікір қалыптастырады. Министрлік ұсынған адалдық лигасына мүшеліктен бас тартты. Тек ресейлік мамандарды жақсы көреді және сенеді. Дөрекілік танытады. Ректордың әмірі бойынша қызметкерлер арасында қудалау бар. Әкімшілік жиналысты белгіленген кестеге сәйкес емес өткізеді, көбіне күндерді өзгертеді, жиналысқа 30-50 минут кешігеді. Бұл жағдай әкімшілік мүшелеріне, профессорлар мен оқытушыларға кедергі келтіреді. Жиналыс 3 сағатқа созылады, онда күнделікті мәселелер талқыланады. Декандарды, оқу-әдістемелік басқарма басшыларын, оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректорларды студенттер тарапынан туындайтын түрлі мәселелер (отбасылық немесе әлеуметтік) немесе студенттердің басқа университетке ауысқаны үшін айыптайды. Жалақыны төмендетем деп қорқытады. Ректор сабаққа спорт киіммен кіреді». Мұның бәрі оқу орны қызметкерлерінің ашық хатында көрсетілген себептер.
https://www.facebook.com/gulbanu.abenova/posts/3256836700998443
Әрине, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен көп ұзамай Анар Қайырбекова қызметінен босатылып, «Жұмыс ұйымдастыруда кемшіліктерге жол беріліп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қойған міндеттер орындалған жоқ» деп түсіндірілді.
Енді жаңа айыптау кезінде желідегі конспирологиялық теориялардың бірі Аймағамбетовті қызметтік элитадан «ұшып кетуге» бірінші болып кезекте тұрған немесе керісінше мемлекеттік қызметте қалай жұмыс істемеу керектігінің үлгісі дейді. Неге ол Үкімет қатарынан кетуге басты үміткер болуы мүмкін? Өйткені, жас министр өзінен ересек ведомсто басшылары секілді тыныш қана отырып, үнсіз жұмысын жасауы керек еді.
Министр ұзақ уақыт жұмыс істеген, байланысы мен ықпалы бар ғылыми-зерттеу институттарының директорларын ауыстырды. Бұған дейін де жасартуға тырысқандар болды, бірақ нәтиже есте. Қалған құрамды одан әрі жасартуды жоспарлап отыр. Жайдан-жай салдарсыз қалмасы анық.
Оның үстіне, мемлекеттік тапсырыс, яғни мемлекеттік гранттарды университеттерге бөлу кезінде ол 40 ЖОО-ға рұқсат бермеген. Олардың түлектерін жұмыспен қамту және білім сапасымен байланысты проблемалары маңызды емес, бұл ешкімді қызықтырмайды. Өйткені, әр оқу орнының артында бір-бір дөкей тұр.
Президент айтқан болса да, университеттердің жабылуы тыныш өте қоймайды. Қаншама жыл бұл әңгіменің арты у-шуға айналып келеді. Адам саны жағынан ең ауқымды Шымкент университетінің жабылуы және Орталық Азия университетімен, Астана университетімен, Ақтаудағы теңіз университетімен және басқалармен болған сот процестері қатаң талаптар мен тексерулермен қатар, ықпал етуші дөкейлердің қаржылық мүдделеріне қайшы болды.
Ұлттық ғылыми кеңестерге қатысты дауыс беруді ашық етіп, критерийлерді ескере отырып, жиналыстарын трансляция, эфирге шығаруды және ғылым саласында кімнің және қанша ақша алатынын жалғыз өзі шешетін құдіретті кеңес мүшелерінің жартысынан көбін жаңартуды міндеттеді. Тендерлік құжаттама мен сараптамаға қойылатын талаптарды күшейту көптеген жылдар бойына жасалған жүйені бұзды. Ол да тараптарға ұнамсыз.
Желі қолданушыларының пікірінше, енді аяқталмаған реформалар, басталған шикі істер секілді министрдің әлсіз тұстарынан соққылар берілуі мүмкін.
Осылайша педагогтар қауымы, министрге бастаған істерін аяқтауға бірнеше жыл берілгені жөн дейді.
– Министрге шабуыл жасалды ма?- ИӘ!- Неге?- Бұл сұрақтың жауабын беру үшін әңгімені арыдан бастауға тура келеді….
Опубликовано Аятжаном Ахметжанұлы Среда, 22 июля 2020 г.