Қазақстанда Халал саласындағы 5 стандарт қолданысқа енгізілді деп хабарлайды QazPulse тілшісі ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
«2020 жылдың 1 шілдесінен бастап бірқатар жаңа ұлттық стандарттар қолданысқа енгізілді. Қабылданған Халал саласындағы стандарттарды қолданудың бір пакеттік қағидасы бар, сол себепті Халал өнімдерін өндірген кезде ұсынылған стандарттардың талаптарын бір мезгілде басшылыққа алу қажет», – делінген министрлік хабарламасында.
Алайда, бұл жаңашылдық Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағы «Халал даму» орталығымен келісілмеген болып шықты.
Қос тарап өзара ымыраға келіп, әлі де мәселенің мән-жайы анықтала жатар деген ойдамыз. Төменде министрлік ұсынған стандарттар тізімі келтіріп отырмыз.
1. ҚР СТ 3483-2019 «Халал өнімдері. Негізгі ережелер»
Осы стандарт Халал өнімдеріне және оны өндіру, сақтау, тасымалдау және таңбалау процестеріне негізгі ережелерді белгілейді, сондай-ақ Исламның діни дәстүрлеріне сәйкес қолдануға және пайдалануға рұқсат етілген Халал өнімі мен Халал өніміне жатпайтын, яғни тыйым салынатын өнімдерді анықтайды.
Халал өнімдерін өндірген кезде тек Халал өнімінен алынған шикізаттар мен компоненттерді (ингредиенттерді) қолдануға рұқсат етілген. Тұз, бал, жаңа шикі сүт, таза органикалық химиялық заттар, өсімдік тектес жаңа піскен шикізат және құрғақ өсімдік материалдары (дәмдеуіштер, қара және қызыл бұрыш тұқымдары, лавр жапырағы) сияқты шикізатқа, ингредиенттер мен қосалқы материалдарға растайтын құжаттың болуы талап етілмейді.
Халал өніміне жатпайтын тыйым салынған жануарлар мен құстардың етін, сонымен қатар олардың бөліктері мен мүшелерін пайдалануға болмайды.
Осы стандарттың талаптарына сәйкес Халал өнімдерін өндіретін ұйым өндірістік желі тек Халал өнімдерін өндіруге арналған екеніне кепілдік беруі тиіс.
Егер өндірістік желі бұрын Халал өнімі болып табылмайтын өнімдерді өндіру үшін пайдаланылса, онда Халал өнімдерін өндіру алдында санитарлық-гигиеналық ережелерге сәйкес өндірістік желіні тазалау және жуу жүргізілуі, сондай-ақ Ислам дәстүріне сәйкес салттық тазарту қамтамасыз етілуі тиіс. Өндірістік желіні Халал емес желіге және керісінше Халал желісі етіп қайта түрлендіруге жол берілмейді.
Халал өнімдерін өндіру, сондай-ақ жануарлар мен құстарды сою жүзеге асырылатын үй-жайлар Халал өнімдерін өндіру процесін тұрақты бақылау үшін бейне тіркеу жүйесімен жабдықталуы тиіс.
Халал өнімдерін өндіру процесіне ҚР СТ 3453-2019 «Халал өнімдері
Ауыл шаруашылығы малдары мен құстарын сою бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар» бойынша жануарлар мен құстарды союды жүзеге асыратын халал-бақылаушылар мен мамандарды қоспағанда, кез келген ұлт пен діни наным қызметкерлері қатыса алады.
Бұл ұлттық стандарт OIC/SMIIC талаптарын, MS стандарттарын, CODEX ALIMENTARIUS комиссиясының ұсынымдарын және басқа да стандарттарды ескере отырып әзірленген.
2. ҚР СТ 3453-2019 «Халал өнімдері. Ауыл шаруашылығы малдары мен құстарын сою бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдар»
Бұл Халал азық-түлік өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын соятын ұйымдарға арналған стандарт. Сойылған өнімдерді қайта өңдеу жөніндегі ұйымдар ветеринария саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Мал сою орындары тек халал малдарға және халал союға арналуы тиіс.
Егер өндірістік желі бұрын Халал өнімі болып табылмайтын өнімдерді өндіру үшін пайдаланылса, онда Халал өнімдерін өндіру алдында санитарлық-гигиеналық ережелерге сәйкес өндірістік желіні тазалау және жуу жүргізілуі, сондай-ақ Ислам дәстүріне сәйкес салттық тазарту қамтамасыз етілуі тиіс. Өндірістік желіні Халал емес желіге және керісінше Халал желісі етіп қайта түрлендіруге жол берілмейді.
Жануарлар мен құстарды союды белгілі бір дағдылары бар және союға қажетті біліктілігі бар союшы жүзеге асырады.
Жануарлар мен құстарды соятын барлық процесс Халал бақылаушының бақылауында жүзеге асырылады, оның белгілі бір біліктілігі және Халал өнімдерін өндіру рәсіміне бақылау жүргізу құқығына діни бірлестіктен рұқсат беретін құжаты болуы қажет.
Халал өнімдерін өндіру үшін жануарлар мен құстарды қолмен сою тәсілі ғана қолданылады. Жануарлар мен құстарды сою Ислам каноны бойынша жүргізілуі тиіс.
Дұрыс емес сойылған жағдайда, сою стандарт талаптарына сәйкес келмейді деп саналады, ал жануардың немесе құстың ұшасы жеке аймаққа шығарылады және өнім Халал өніміне жатпайды.
Жануарлар мен құстарды сою жүргізілетін үй-жай сою процесін тұрақты бақылау үшін бейнетіркеу жүйесімен жабдықталуы тиіс.
Бұл ұлттық стандарт OIC/SMIIC талаптарын, MS стандарттарын, CODEX ALIMENTARIUS комиссиясының ұсынымдарын және басқа да стандарттарды ескере отырып әзірленген.
3. ҚР СТ 3485-2019 «Халал өнімдері. Сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі»
Халал өнімдерінің сәйкестігін растау – Халал өнімдеріне арналған стандарттау құжаттары бойынша белгіленген талаптарға сәйкес объектінің сәйкестігін құжаттама куәландыру нәтижесі болып табылады. Мұндай құжат берілген сертификаттар тізілімінде тіркелген Халал өнімдерінің сәйкестік сертификаты болып табылады.
Халал өнімдерінің сәйкестігін растау – Халал өнімдеріне арналған стандарттау құжаттары бойынша белгіленген талаптарға сәйкес объектінің сәйкестігін құжаттама куәландыру нәтижесі болып табылады. Мұндай құжат берілген сертификаттар тізілімінде тіркелген Халал өнімдерінің сәйкестік сертификаты болып табылады. Бұл стандарт өнім мен оны өндіруге байланысты процестердің сәйкестігін растауды жүргізу тәртібін, қажетті құжаттар тізбесін, сондай-ақ Халал өнімдерін және Халал қоғамдық тамақтандыру қызметтерін сертификаттау кезінде қолданылатын сертификаттау сызбаларын белгілейді.
Сәйкестікті растау рәсімдерін тек қана сәйкестікті растау жөніндегі органдар және Халал өнімінің сәйкестігін растау саласында жұмыстар жүргізу құқығына аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) жүргізеді.
Сәйкестікті растау жөніндегі орган сертификат беру туралы шешім қабылдайды, сәйкестік сертификатын ресімдейді және оны берілген сертификаттар тізілімінде тіркейді.
4. ҚР СТ 3484-2019 «Халал өнімдерінің ұлттық сәйкестік белгісі. Техникалық талаптар және таңбалау тәртібі»
Стандарт Халал өнімдерін өндірудің ұлттық сәйкестік белгісіне қойылатын техникалық талаптарды, сондай-ақ Халал өнімдерін таңбалау тәртібін белгілейді.
Халал өнімдерінің сәйкестік белгісі – Халал өнімдерінің стандарттау бойынша құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау процедурасынан өткендігі туралы сатып алушыларды хабардар ету үшін қызмет ететін белгі.
Сәйкестік белгісінің графикалық бейнесі сәйкестік сертификатының нөмірімен сүйемелденуі керек.
Сәйкестік белгісінің өлшемін оны қолдануға құқық алған кәсіпорын (ұйым) 10 мм-ден кем емес базалық өлшемді таңдау жолымен анықтайды. Сәйкестік белгісінің өлшемі Объектінің жалпы түсті фонында оның элементтерінің анықтығына және олардың объектінің жалпы түсті фонында жай көзбен ажыратылуына кепілдік беруі тиіс.
Сәйкестік белгісі көрінетін жерде, ашық және өшірілмейтін болуы тиіс. Сәйкестік белгісінің түсі фондық түске қарама-қарсы болуы тиіс.
Сәйкестік белгісін орындау жасыл түсті болуы тиіс.
Егер өнім ҚР СТ 3483-2019 «Халал өнімдері. Негізгі ережелер» және
ҚР СТ 3485 «Халал өнімдері. Сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі» бойынша барлық бекітілген растау рәсімдерінен өтті сәйкес өндірілсе, өнімді дайындаушылардың, сондай-ақ өнім берушілердің Халал өнімнің сәйкестік белгісімен таңбалау құқығы бар.
Сәйкестік белгісімен қоса «Halal Qazaqhstan» қолшатыр брендін ерікті түрде қолдануға рұқсат етіледі.
Халал өнімнің сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімін тоқтата тұру немесе күшін жою тиісінше сәйкестік белгісін қолдану құқығын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға әкеп соғады.
Өтініш беруші сертификатталған өнімнің сапасына және сәйкестік белгісін қолданудың дұрыстығына жауапты болады.
5. ҚР СТ 3454-2019 «Халал қоғамдық тамақтандыру қызметі.
Жалпы талаптар»
Барлық меншік нысанындағы, әртүрлі типтегі және сыныптағы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары – Халал қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын мейрамхана, бар, кафе, асхана, дәмхана, тез қызмет көрсету кәсіпорындары, буфет, кафетерий, кофеханалар, аспаздық дүкен осы стандарттың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Халал қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі ҚР СТ 3485-2019 «Халал өнімдері. Сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі» ұлттық стандартында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Кез келген типтегі және класты қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында Халал өнімдері үшін ғана қызмет көрсету қамтамасыз етілуі тиіс.
Қоғамдық тамақтану кәсіпорнында Ислам канондарына сәйкес дұға (намазхана) жасауға арналған жеке бөлме немесе дұға ету орны қарастырылуы тиіс.
Ұйым сатылатын тамақ өнімдерінің ҚР СТ 3483-2019 «Халал өнімдері. Негізгі ережелер»талаптарына сәйкес болуына кепілдік беруі тиіс.
Шикізат пен ингредиенттерді жеткізушіде ҚР СТ 3485-2019 «Халал өнімдері. Сәйкестігін растауды жүргізу тәртібі» талаптарына сәйкес сертификат болуы тиіс.
Халал шикізат пен ингредиенттерді жеткізу кезінде өнім беруші халал емес шикізат пен ингредиенттердің өнімдерін бөлек сақтау мен жеткізуді қамтамасыз етілуі, сондай-ақ Халал шикізат пен ингредиенттердің лас заттар түрлерімен және Халал өнімдері болып табылмайтын басқа да өнімдермен тоғыспалы ластануына жол бермеуі тиіс.
Ұйым шикізат пен ингредиенттерді шикізат алу кезінде заңнамалық және нормативтік талаптарға сәйкестігін тексеруі тиіс. Шикізат пен ингредиенттерге сертификаттардың болуын тексеру.