Сейсенбі, Наурыз 2, 2021
ҚАЗ
РУС
Qazpulse.kz
#КОРОНАВИРУС
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Qazpulse
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Сюжеттер Коронавирус

«Ойларына келгенді істейді». Бір топ қазақстандық онлайн өтетін сотқа наразы

Құқық қорғаушылар онлайн сот отырыстарында қарастырылған барлық істі қайта қарау керек дейді.

Маусым 10, 2020
Жаңалықтар, Коронавирус, Пікір, Қазақстан, Қоғам
«Ойларына келгенді істейді». Бір топ қазақстандық онлайн өтетін сотқа наразы

Нұр-Сұлтан қаласында онлайн сотқа наразы жандардың жиыны өтті. Олар қашықтан байланыс арқылы жүргізілетін отырыс кезінде судьялар ойына келгенді істейді, процестерде адам құқығы аяққа тапталып жатыр дегенді айтады деп хабарлайды QazPulse тілшісі.

«Қара генерал» бостандыққа ерте шығып қалуы мүмкін. Жаза мерзімі қысқартылды

Сотталған ағайынды Рысқалиевтерге заңсыз тәркіленген дүние-мүлкі қайтарылатын болды

Мысалға, Ирина Маженова «Терроризмді насихаттау» бабы бойыншы жеті жылға сотталған Дадаш Маженовтың анасы. Қазір ұлының ісі қайта қарастырылуда. Осы орайда сотталушының туыстары соттың онлайн режимде өтіп жатқанына наразы.

«Онлайн сот барысында адамның тағдыры компьютерде отырған адамның, яғни хатшының қолында. Қаласа, дауысын азайтып тастайды. Біз дауыс жоғалып кетті, ештеңе көрінбейді десек, біздің сөзімізге ешкім құлақ аспайды. Бос экранға телміріп қарап отырамыз. Ал олар біз ештеңе естімеген уақытта қандай да бір шешім шығарып үлгереді. Сотты тоқтатыңыз десек те, хатшыға жазсақ та, бәрі сол қалпы», – дейді Ирина Маженова.

Оның сөзін өзге сотталушылардың жақындары да құптап отыр. Кейбіреуінің сотқа онлайн түрде қосылуға мүмкіндігі жоқ, көп жағдайда интернет байланысы нашар екен. «Баламыздың уақытша тергеу изоляторында бірнеше ай артық жатуына тура келсе де, соттың әділ өткенін қалаймыз», дейді олар.

Құқық қорғаушы Талап Сағымбаевтың айтуы бойынша, сот процестерін онлайн түрде өткізу Қазақстанның заңнамасында қарастырылмаған, тіпті арнайы қаулы да шығарылмапты. Сол себепті ол сотты қайта офлайн түрде өткізуді талап етуде.

ҚР Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Айдос Садуақасов болса, сот процестерін жүзбе-жүз өткізу қазір мүмкін емес дейді. Себебі, бірқатар облыстардағы судьялар мен сот қызметкерлері коронавирус жұқтырған, мұндай деректер күннен күнге жиілеуде.

«Кейбір адамдар «Соттар ашылсын және сот процестері жүзбе-жүз, бетпе-бет өткізілсін!» деген талап қоюда.Осы ретте олар: «Карантин режимі бұрынғыдай қатаң емес. Қоғамның көптеген салалары қайта жандануда. Үлкен сауда орталықтарын былай қойғанда, мейрамханалар мен дәмханалар жұмыс істеуде, ХҚКО мен шаштараздарға еркін кіруге болады, тіпті пойызға, ұшаққа мініп, сапарлауға да болады. Олай болса, сот процестері неге бұрынғысынша бетпе-бет өтпейді?» деген уәж айтады. …Сот процестерін тараптардың тікелей қатысуымен өткізген жағдайда вирус қатысушыларға ғана емес, сонымен қатар судьялардың өздеріне де жұғуы әбден мүмкін. Ал бұл өз кезегінде соттың жабылуына әкеп соғады», – дейді Айдос Садуақасов.

Бұл реттен Жоғарғы сот істерді әдеттегі офлайн режимде қараудың тиімділігін жоққа шығармайтынын атап өткен жөн. Бірақ, олар, күрделі эпидемиологиялық жағдайда сот отырыстарын онлайн форматта өткізу – ең оңтайлы шешім екендігіне сенімді.

Осы орайда, бүгін, Алматы облыстық сотының карантинге жабылғаны белгілі болды. Қызметкерлер үйде отыруға жіберіліп, істерді қарауды кейінге қалдырылды.

Аделаида АУЕСПЕКОВА

Тегтер: Жоғарғы сотонлайн сотсотталушықұқық қорғаушылар
 
Алдыңғы жаңалық

Министрлік алдындағы митинг: көпбалалы аналар наразылығының мән-жайы

Келесі жаңалық

Қырғыздар жағдайды әдейі ушықтырып отыр. Қазақстан шекарадағы ахуалды ширықтырмауға шақырады

Ұқсас жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КОРОНАВИРУС

Қоғам

Карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт оны жауып тастауға мәжбүрледі

Басты жаңалықтар

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

Басты жаңалықтар

Тоқаев әкімдерді тағы өткір сынға алды. Көмектің бәрі қалада, ауыл айдалада қалды

ТАНЫМАЛ

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері
Басты жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр
Басты жаңалықтар

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Қаладаның өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Қаланың өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Аягөздегі төрт баланың өлімі: эксгумациясыз болмайтын болды ма?

Аягөздегі төрт баланың өлімі: эксгумациясыз болмайтын сияқты. Тәрбиешілер өз шындығын айтты (ВИДЕО)

Алакөлде алып жыланның пайда болғаны рас па? Маман жауап берді (ВИДЕО)

Алакөлде алып жыланның пайда болғаны рас па? Маман жауап берді (ВИДЕО)

Яндекс.Метрика
  • Жоба жайлы
  • Жарнама

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Русская редакция
  • Жаңалықтар
  • Басты жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Орталық Азия
  • Экономика
  • Пікір
  • Талдау

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz