Үкіметтік комиссия Жаңатұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдарына келтірілген шығынды шұғыл түрде есептеуге кіріседі. Инженерлік, көлік, әлеуметтік инфрақұрылым мен үйлер қалпына келтіріледі деп хабарлайды Үкімет отырысынан QazPulse тілшісі.
«Арнайы үкіметтік комиссия құрылды, оны Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр басқарады, құрамында орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары бар», – деген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин зардап шеккен тұрғындарға Үкімет тарапынан барлық қажет көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Еске сала кетсек, Өзбекстандағы Сардоба су қоймасындағы бөгеттің жарылуы салдарынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Мақтарал ауданындағы бірқатар елдімекенді су басып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.