Дүйсенбі, Наурыз 8, 2021
ҚАЗ
РУС
Qazpulse.kz
#КОРОНАВИРУС
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Qazpulse
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Басты жаңалықтар

Полиция Kaspi Bank басшысы Вячеслав Кимнің қос азаматтығы бар-жоғын тексеруде

Қазақстанның азаматы бола тұрып, өзге елдің азаматтық алу қылмыс болып табылады. Forbes тізіміндегі алпауыт байлар Қазақстан Конституциясын пысқырмайтын болған ба?

Маусым 4, 2020
Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Экономика, Қазақстан, Әлем
Полиция банкир Kaspi Bank басшысы Вячеслав Кимнің қос азаматтығы бар-жоғын тексеруде

Ішкі істер министрлігі ірі кәсіпкерлер Вячеслав Ким мен Талғат Қуанышевтың қос азаматтығы жайлы ақпаратты тексеруде, деп хабарлайды QazPulse тілшісі.

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Естеріңізге сала кетсек, мамыр айында желіде бірқатар қазақстандық банкирлердің қос азаматтығы жайлы ақпарат тараған еді. Олардың қатарында «Kaspi Bank» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким, «ForteBank» АҚ басқарма төрағасы болған Талғат Қуанышев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бұрынғы басқарма төрағасы Данияр Еренчинов және кәсіпкер, Александр Машкевич құрған Қазақстанның еврей конгресін басқаратын Федор Осининнің есімдері де бар.

Transparency International жариялаған ақпаратқа сенсек, бұл кәсіпкерлер Жерорта теңізіндегі шағын аралда орналасқан Мальта еліне инвестиция құю арқылы сол жақтың төлқұжатына ие болған.

Қазақстанда екі мемлекеттің азаматы болуға тыйым салынған. Алайда ҚР азаматтары заңсыз қос азаматтыққа ие болатын кездер де бар: олар шетел мемлекетінің азаматтығын қабылдамас бұрын қазақстандық азаматтықтан шығуы керектігін «ұмытып» кетеді. Заң бойынша азаматтығын ауыстырғысы келетін адам күнтізбелік отыз күн ішінде ішкі істер органдарына немесе Қазақстанның шетелдердегі мекемелеріне паспортын және жеке куәлігін тапсыруға міндетті.

QazPulse тілшісі ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа ресми хат жолдап, банкирлердің қос азаматтығы жайлы тараған ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады. Министрдің жауабына сенсек, қазір тексеріс жүргізіліп жатыр.

 «…Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, тексерістің нәтижесіне сәйкес шешім қабылданатын болады», – деп көрсетілген Ерлан Тұрғымбаевтың жауабында.

Қазақстан Республикасы азаматтығында және бір мезгілде басқа мемлекеттің азаматтығында болуы жөнінде ақпарат расталған кезде әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 495, 496-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Бұл ретте әкімшілік жауапкершілікке басқа мемлекеттің азаматтығын алуы дерегі туралы уақтылы хабарлаған адамдар жазаланбайды.

Алайда, жоғарыда айтылған банкирлердің екі азаматтығы болуы заң жүзінде мүмкін емес. Олар немесе Қазақстан азаматы, немесе шетелдіктер. Екеуінің бірі ғана. Қазақстан Республикасы Конституциясы 10-бабы 3-тармағындағы «Республика азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды» деген қағиданы, Қазақстан Республикасы көпазаматтылықты, оның ішінде қос азаматтылықты қабылдамайды деп түсінген жөн.

«Бұл, шетелдіктің бір уақытта Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттің азаматы болып табылмайтындығын білдіреді. Егер Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алатын болса, онда осы сәттен бастап оның Қазақстан Республикасының азаматтығы сақталмайды», – деп түсіндірді министр.

Айта кетейік, 2019 жылы қос азаматтық дерегі бойынша 453 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 56 азамат Қазақстан Республикасынан шығарылды. Ал 2020 жылдың басынан бастап 167 азамат қос азаматтық дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 14 азамат Қазақстаннан шығарылған болатын.

Тегтер: kaspi bankВячеслав КимЕрлан ТұрғымбаевКонституцияМальтаполицияҚазақстанқос азаматтық
 
Алдыңғы жаңалық

Қорғаныс министрі отставкаға кетуі керек. Оған 10 күн бар

Келесі жаңалық

Балаларыңыз бен немерелеріңіз қандай кітап оқып жүр? Сенаторлар бұл сұрақты Үкіметке төтесінен қойды

Ұқсас жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КОРОНАВИРУС

Қоғам

Карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт оны жауып тастауға мәжбүрледі

Басты жаңалықтар

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

Басты жаңалықтар

Тоқаев әкімдерді тағы өткір сынға алды. Көмектің бәрі қалада, ауыл айдалада қалды

ТАНЫМАЛ

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері
Басты жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр
Басты жаңалықтар

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Қаладаның өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Қаланың өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Аягөздегі төрт баланың өлімі: эксгумациясыз болмайтын болды ма?

Аягөздегі төрт баланың өлімі: эксгумациясыз болмайтын сияқты. Тәрбиешілер өз шындығын айтты (ВИДЕО)

Қазақстанда 16 мыңнан астам шақырым жолдың сапасы тексеріледі

Қазақстанда 16 мыңнан астам шақырым жолдың сапасы тексеріледі

Яндекс.Метрика
  • Жоба жайлы
  • Жарнама

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Русская редакция
  • Жаңалықтар
  • Басты жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Орталық Азия
  • Экономика
  • Пікір
  • Талдау

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz