ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин коронавирус дертіне байланысты тест тапсырып, нәтижесі теріс болып шыққанымен, қазіргі таңда оқшаулану жағдайына көшті деп хабарлайды QazPulse тілшісі. Барлық қауырт жұмыс бейнекоференция тәртібінде жалғасын таппақ.
Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз хатшысы Зарина Нұрланова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Премьер-министр 12 маусым күні Жамбыл облысына барғанда, делегация құрамында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің болғаны белгілі. Ал ол бүгін өзінен COVID-19 вирусының анықталғанын мәлімдеді.
Бұған дейін Ресей мен Армения елдерінің үкімет басшылары да коронавирус ауруын жұқтырғаны мәлім болды.