Сейсенбі, Наурыз 2, 2021
ҚАЗ
РУС
Qazpulse.kz
#КОРОНАВИРУС
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Qazpulse
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Басты жаңалықтар

Президент тарихи әділдікті қалпына келтіру үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды

Мемлекет басшысы құруды тапсырған комиссия және де саяси қуғынға ұшыраған жазықсыз жандарды ақтаумен айналысады.

Мамыр 30, 2020
Басты жаңалықтар, Жаңалықтар, Пікір, Қазақстан, Қоғам
Президент коронавирусқа шалдыққан адамдарға нақты көмек көрсетуді тапсырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін Ақорда сайтында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі жарияланды деп хабарлайды QazPulse тілшісі. Онда, Президент, тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырды.

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

«Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алады. Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету –  баршамыздың перзенттік борышымыз», – делінген Үндеу мәтінінде.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастағанын келтірген Мемлекет басшысы, 1993 жылы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданғанын еске салды.

1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді.

«Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террордың» орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды. 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сияқты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, басқа да ұлт зиялылары бар», – деп атап өтті ҚР Президенті.

Ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске алатынымызды айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев, бұл зобалаңның қасіретін үш миллионға жуық адам тартқанына назар аударды.

Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Бүгінде республика өңірлерінде «Қазақ халқына – мың алғыс» монументтері орнатылған. Бұл – қазақ жұртының ақ пейілі мен даналығына деген шексіз ризашылықтың белгісі.

Тегтер: аштықмемлекеттік комиссиясаяси қуғын-сүргінқазақ халқына алғысҚасым-Жомарт Тоқаев
 
Алдыңғы жаңалық

НКВД қызметкерлерінің тізімі жаңартылды. Ішінде Қазақстан бойынша да ақпарат бар

Келесі жаңалық

Қаражанбасмұнайдағы жұмысшылар ереуілі: қытайлық басшы еңбек ұжымымен кездесті

Ұқсас жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КОРОНАВИРУС

Қоғам

Карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт оны жауып тастауға мәжбүрледі

Басты жаңалықтар

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

Басты жаңалықтар

Тоқаев әкімдерді тағы өткір сынға алды. Көмектің бәрі қалада, ауыл айдалада қалды

ТАНЫМАЛ

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері
Басты жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр
Басты жаңалықтар

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Қаладаның өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Қаланың өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Аягөздегі төрт баланың өлімі: эксгумациясыз болмайтын болды ма?

Аягөздегі төрт баланың өлімі: эксгумациясыз болмайтын сияқты. Тәрбиешілер өз шындығын айтты (ВИДЕО)

Алакөлде алып жыланның пайда болғаны рас па? Маман жауап берді (ВИДЕО)

Алакөлде алып жыланның пайда болғаны рас па? Маман жауап берді (ВИДЕО)

Яндекс.Метрика
  • Жоба жайлы
  • Жарнама

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Русская редакция
  • Жаңалықтар
  • Басты жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Орталық Азия
  • Экономика
  • Пікір
  • Талдау

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz