Қарағанды облысында қазақ күресімен айналысатын споршыны бытыралы мылтықтан атып жаралады деп хабарлайды QazPulse тілшісі. 27 жастағы Қарқаралы ауданының тұрғынын жедел жәрдем көлігі ауруханаға алып кеткен.
Полиция төбелеске қатысқан тараптарды анықтағанын хабарлап отыр.
«Қылмыстық іс қозғалды. Шабуыл ешкім жоқ жерде жасалғандықтан, шабуылдаушыларды табу қиынға соқты. Дегенмен тәжірибелі қызметкерлерден құралған жедел тергеу тобы іздестіру шаралары барысында оқиғаның барлық қатысушысын анықтады. Іс облыстық Полиция департаменті басшысының ерекше бақылауында тұр», делінген хабарламада.
Дереккөздің айтуынша, жараланған балуанның аты-жөні – Едіге Сыздықов, қаз дауысты Қазыбек бидіӊ 350 жылдық мерейтойында 70 келіге дейін салмақта жеңіске жетіп, «Тойота Камри» көлігін иеленген. «Сарыарқа барысы» сайысында да өз салмағында ешкімге дес бермеген.