Сейсенбі, Наурыз 2, 2021
ҚАЗ
РУС
Qazpulse.kz
#КОРОНАВИРУС
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Qazpulse
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Талдау

Қарасораны да кәдеге жаратуға бола ма? Атышулы Шу алқабының әлеуеті қандай?

Қазақстанда өнеркәсіптік марихуананы заңдастыру мәселесі бес жылдан астам уақыттан бері талқыланып келеді, одан дәрі-дәрмек, тоқыма немесе қағаз өндіру ұсынылып жатыр.

Мамыр 20, 2020
Орталық Азия, Пікір, Талдау
Қарасора

Фото: ашық дереккөзден

QazPulse тілшісі Шу алқабы Қазақстан үшін жаңа экономикалық ғажайып бола ала ма, мұндай өндірістің қаупі неде және Қазақстанның ішкі істер министрлігі неге оған қарсы екенін білуге ​​тырысты.

Президент вице-премьер мен бірнеше әкімге сөгіс жариялады

Түркістан облысында алты есірткі алқабы анықталды

Ішкі істер министрлігінің ұстанымы

Бұл мәселеге қатысты Қазақстан Ішкі істер министрлігінің ұстанымы өткен жылдары күрт өзгеріп тұрды. 2018 жылғы ақпан айында сол кездегі ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қазақстанда өндірістік қарасора өсіру мүмкіндігі туралы айтқан болатын.

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан БҰҰ-ның есірткіге қарсы бірыңғай конвенциясын ратификациялады.

БҰҰ конвенциясында әр елдің өсірілетін қарасорадағы тетрагидроканнабиол (ТГК) құрамына жеке стандарттар қоюға құқығы бар екендігі ескертілген. Канада оны 0,3%, Ресей 0,1%, Украина 0,08%, Еуропа 0,2%, Қазақстан 0% ретінде анықтаған.

Қалмұханбет Қасымов тіпті БҰҰ-дан қазақстандық қарасораны өнеркәсіпте қолдануға жарамдылығын зерттеуге рұқсат сұрады.

Тетрагидроканнабиол (ТГК) – негізгі каннабиноидтардың бірі. Қарасора гүлдерінде және жапырақтарында болады. Гүлдену кезінде максималды концентрацияға жетеді. Психотропты заттарға жатады. Көптеген елдерде ол кейбір неврологиялық және психиатриялық ауруларға, онкологиялық ауруларды емдеуде қолданылады. Халықаралық өсімдіктер таксономиясы қауымдастығы (IAPT) 1984 жылы есірткі қосылыстарының шекті мөлшерін 0,5% деңгейінде белгіледі. Содан кейін, америкалық ғалымдар Эрнест Стайл мен Артур Кронкистің жұмысына сүйене отырып, бұл шек құрғақ салмаққа шаққанда 0,3% ТГК-ге дейін төмендетілді. Сол кезден бастап көптеген елдердің үкіметтері осы құжаттар негізінде құрғақ салмағында шекті шегі 0,3% ТГК-ден аспайтын техникалық қарасора өсіруді заңдастырды.

2019 жылдың мамырында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Нұртай Әбілмәжінов Мәжіліс Қазақстанда аз мөлшердегі есірткіні тұтынушыларды қылмыстық жауапкершілікке тартпайтын заң жобасын қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Ал 2019 жылдың қараша айының басында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің жаңа басшысы Тілеген Маткенов қазақстандық полиция елде марихуананы заңдастыруға үзілді-кесілді қарсы екенін айтты, өйткені есірткіге деген толеранттылық нашақорлардың санын көбейтіп жібереді-мыс.

Депутаттық сауал

2019 жылы депутат Альберт Рау сол кездегі премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың атына өтініш жазған болатын. Альберт Рау Қазақстанда өнеркәсіптік мақсаттар үшін техникалық қарасора өсіру және өңдеуді заңды түрде бекіту қажет деп санайды. Ол үшін пайдалануға тыйым салынған есірткі құралдары мен психотроптық заттар тізіміндегі тек бір тармақты өзгерту ұсынылады.

Фото: ашық дереккөзден

«Құрамында тетрагидроканнабиол бар кез келген Cannabis өсімдігі (тұқымдар мен тамырларын қоспағанда) есірткі деп саналады және кез келген түрінің айналымда болуына тыйым салынады» делінген қазіргі заңда.

Ал заңға өзгеріс енгізілген жағдайда, құрамында 0,3%-дан асатын тетрагидроканнабиол бар кез келген Cannabis өсімдігінің (тұқымдар мен тамырларды қоспағанда) айналымдағы кез келген түріне тыйым салынады деп көрсету ұсынылады.

Бақытжан Сағынтаевтың атына жолданған Альберт Раудың сұранысы ІІМ-ге жіберілді. Өз кезегінде ІІМ Қазақстанда өнеркәсіптік қарасора өндірісін дамыту бойынша одан арғы бастамаларды БҰҰ Конвенциясының және ҚР «Есірткі заттар туралы» Заңының нормаларына сәйкес жүзеге асыру ұсынылатынын айтты.

ІІМ-де сондай-ақ өнеркәсіптік мақсатта қарасора өсіру мүмкін болатын жағдайларды белгіледі:

  • мемлекеттік (үкіметтік) мекеме құру;
  • тиісті лицензияларды алу;
  • аймақты, өндірістік және қойма үй-жайларын тұрақты негізде күзетуді қамтамасыз ету;
  • тиісті жылға арналған БҰҰ-ның есірткі жөніндегі халықаралық комитетінің квотасымен Қазақстан үшін бекітілген аумақтар мен көлемдер шегінде ғана өнім өсіру және түпкілікті өнім алу;
  • каннабистің таралуын бақылаудың халықаралық және ұлттық заңнамаларда көзделген өзге де шараларын сақтау.

Сондай-ақ ІІМ кез келген уақытта қарасора алқаптарында тексеру жүргізу құқығын өзіне қалдырады.

Қазақстанда қарасораны кімдер заңды түрде өсіреді?

Қазақстанда қарасора саласын дамыту операторы – 2017 жылы құрылған «KazHemp» компаниясы. Әзірге бұл – биліктің келісімімен қарасора өсіретін еліміздің аумағындағы жалғыз компания. Ол пилоттық режимде жұмыс істейді. Алматы облысының Кербұлақ ауданында өнеркәсіптік мақсатта тұқымдық (техникалық) қарасораны өсіру және қайта өңдеу жобасы барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, соның ішінде ҚР ІІМ-мен келісілген.

KazHemp өсіру процесінде қарасораның тек есірткіге жатпайтын сұрыптарын пайдаланады. Компания діңше, тоқыма өнеркәсібіне арналған ұзын және қысқа талшық алуға болатын техникалық қарасора өсіреді.

Тоқыма өнеркәсібінде қарасораның талшықтары екі бағытта қолданылады: тоқымалы және тоқымалы емес материалдар. Тоқымалы материалдар – геотекстиль, брезент, кендір талшығы. Қарасора талшықтарынан теңіз арқандары мен желкендерді тоқиды, өйткені қарасораның талшығы бәрін шірітіп жіберетін теңіз тұзының әсеріне өте төзімді болып келеді.

2018 жылы қазақстандық фирманың қарасора өнімі Zara, Top Shop және т.б. брендтерінің иесі – «Inditex» халықаралық тоқыма алыбымен шартқа отырды. Қазақстан ратификациялаған БҰҰ-ның 1961 жылғы Есірткі құралдары жөніндегі конвенциясына сәйкес техникалық қарасораның құрамында есірткілік белсенді құрауыштар (тетрагидроканнабиол) болмауы тиіс. Сондықтан сараптамалық зерттеулер жүргізу кезінде құрамында ТГК анықталған KazHemp егістіктерінің едәуір бөлігі жойылып отырды.

Кәсіпорын алғашқы жылы 600 га, екінші жылы – 4 000 га қарасора екті, ал 2022 жылы егілген алқапты 50 мың гектарға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. KazHemp өсірілген қарасорадан тәжірибелік-өнеркәсіптік зерттеулер жүргізеді. Ағымдағы жылы компания өткен жылғы қарасора өнімінен сүрек-полимерлік тақтайлар мен сүрек-жаңқа материалдарының тәжірибелік үлгілерін шығарды. Компания импорттық ағаш шикізатын қарасора діңшесіне ауыстыру мүмкіндігін қарастырады. Сондай-ақ KazHemp майлар мен ақуыз концентратын өндіруге өте қолайлы техникалық қарасора тұқымдарын сатады.

«2018 жылы компания Франция және Үндістанға 1 тонна қарасора өнімдерін жөнелтті», деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Айта кетерлігі, 2018 жылғы шілде айының бас кезінде Алматы облысында орналасқан қарасора талшығын бастапқы өңдеу зауытының технологиялық желісіне бельгиялық жаңа жабдық жеткізілген болатын.

KazHemp заңды түрде жұмыс істей ме?

Qazpulse редакциясының «KazHemp» ЖШС қызметі қаншалықты заңды деген сұрағына ҚР ІІМ-де «Бұл мәселе бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүгінген жөн» деп жауап берді.

«KazHemp» үлгісінде пилоттық жобада техникалық қарасора өсіру және оған басқа да ЖШС-лардың қатысу мәселелері ҚР ІІМ құзыретіне жатпайды», – делінген ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораздың қолы қойылған сұраныстың жауабында.

Ол құрамында есірткі заттары жоқ өсімдіктерді өсіру ҚР Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 ақпанда № 10190 тіркелген ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларына сәйкес жүргізілетінін атап өтті. Компания қарасора егу рұқсатын «Атамекен» ҰКП және ИИДМ-ның қолдауымен алған. KazHemp Ауыл шаруашылығы министрлігі, Экономика министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қолдаған өз жобасының жол картасын әзірлеген. ІІМ келіскен, бірақ кез келген уақытта қарасора құрамында есірткінің болу-болмауына талдау жүргізу құқығын өзіне қалдырған.

Алматы облысында пилоттық жоба шеңберінде техникалық қарасора өсіру оның аграрлық сала мен өнеркәсіп үшін перспективалығын көрсетті. Бұған  топырақ-климаттық жағдайлардың да қолайлы болуы әсер етті. Осыған негізделе отырып, Ішкі істер министрлігі KazHemp-ке Алматы облысының Кербұлақ және Іле аудандарында техникалық қарасора өсіру және қайта өңдеу бойынша екі жол картасын жүзеге асыруға рұқсат берді.

Қарасора – медицинада

Қарасорадан дәрі-дәрмек өндіру – бұл қарасора өндірісінің ең жоғары деңгейі. Оған жету үшін алдымен технологиясы оңайырақ талшықтармен жұмыс істеуді үйрену керек.

Сәуір айында елордамызда отандық онкологтардың шетелдік әріптестерімен қарасоранымедициналық мақсатта пайдалану мәселесі бойынша кездесуі өтті. Кездесуді Қазақстанда қарасораны медициналық мақсатта өңдейтін зертхана мен зауыт салуды және 2020 жылға қарай дәрі-дәрмек шығаруды жоспарлап отырған «RAIS Medicann International» компаниясы ұйымдастырды.

Израиль, АҚШ, Германия және Сербиядан келген сарапшылар біздің дәрігерлерге құрамында ТГК (тетрагидроканнабинол) және КБД (ағылшын тілінде CBD, каннабидиол) бар қарасора майынан алынған дәрі-дәрмектерді ұсынды.

Израильдіктерден басқа, америкалық компаниялар да Қазақстанға қызығушылық танытуда, өйткені мұнда техникалық қарасора өндірісінің өзіндік құны әлдеқайда төмен. Бұған себеп – жұмыс күшінің, егіс алқаптарын жалға алу және салық салу құнының арзан болуы.

«Біздің техникалық қарасорадан бастауымызға болады. Бас кезінде жеңіл өнеркәсіп, целлюлоза-қағаз, жиһаз, құрылыс үшін өсіріп, кейінірек біртіндеп фармацияға көшер едік. Менің ұстанымым – тәжірибе ретінде алдымен сұрыптарды бейімдеу, талшықпен жұмыс істеу керек, содан кейін КБД-майға мүдделі халықаралық ойыншылар өздері-ақ технологиялармен келеді», – деп есептейді Мәжіліс депутаты Альберт Рау.

Израиль әлемдегі алғашқылардың бірі болып қазіргі медицинада қарасора майын қолдана бастады. Ол жақтың көптеген клиникалары наркоз және ауырсынуды басу үшін морфин мен басқа да есірткі заттарын пайдаланудан бас тартты. Морфиннің орнына Израильдің дәрігерлері анестезия ретінде әрекет ететін және морфин негізіндегі наркоздан кейін сияқты кері әсер тудырмайтын ТГК және КБД-ны пайдаланады. Израиль – әлем бойынша КБД және ТГК майын тұтынатындардың екінші қатарында.

«АҚШ-та қазір КБД және ТГК-ға деген сұраныс өте жоғары, құрамында КБД бар өнімдер дәріханаларда заңды түрде сатылады. Егер америкалық футбол көре қалсаңыз, кейбір ойыншылардың денесінде пластырь байқауыңыз мүмкін, бұл жаңағы айтып отырған, құрамында КБД бар пластырьлер.  Олар ауырсынуды басып қана қоймай, терінің жоғары регенерациясын қамтамасыз етеді, бұл пластырьлер кез келген адамға қолжетімді және дәріханаларда сатылады», – деп түйіндеді сөзін «Pfizer» фармацевтикалық компаниясының лаборанты Мехмет Унер.

Шу алқабы экономикалық ғажайыпқа айналмай ма?

Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Американың шамамен 30 елінде 2019 жылға қарай қарасора өсіруге рұқсат етілген. Соңғы бірнеше жылда агроөнеркәсіптік қарасора бойынша пилоттық бағдарламалар жасалған мемлекеттердің саны ішкі өндірістің өсуін ынталандыра отырып, күрт өскен. Барлық бірдей мемлекет БҰҰ-ға қарасора егісі туралы хабарлай бермейді.

Қазақстан нарықтың осы саласында өзіндік орнын алуы мүмкін. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан Шу алқабы – әлемдегі жабайы қарасораның ең үлкен аймағы.

Соңғы мәліметтер бойынша, өнімнің өсіп-жетілу көлемі 126 мың га құрайды, бірақ 2010 жылдың өзінде жабайы қарасора алаңы 140 мың га бағаланған болатын.

Қазақстан медициналық каннабистің халықаралық нарығында шикізат бағасын анықтайтын ойыншының рөлінде бола алады деп есептейтіндер мұны Шу алқабымен түсіндіреді. Бірақ мұны біржақты қарастыруға болмайды.

Шу алқабының қарасорасы сабақтарының аласа болуымен ерекшеленеді, бұл оның өнеркәсіпте қолдану тиімділігін төмендетуі мүмкін. Қарасораның сабақтары жіңішке қағаз бен тоқыма өндірісінде қолданылады.

«Тағы бір жайт – Шу аңғарындағы қарасорадан КБД немесе/және ТГК алу кезінде, ол басқа өсімдіктердің түрлі қоспаларымен аралас болады. Себебі онда өзге де өсімдіктерді тозаңдандыратын жәндіктер бар, ал бұл өз кезегінде қарасораға және оның қасиеттеріне әсер етеді. Біз қарасораны тестілеуден өткізіп көрдік және кейбір жерлерде жабайы Шу қарасорасында КБД деңгейі қарасораның кейбір сұрыптық түрлеріне қарағанда жоғары болып шықты. Сонымен қатар фармацевтер үшін аналық пен аталық өсімдіктердің бір-бірінен бөлек өскені маңызды. Қарасора осылай аналық және аталық болып бөлінеді және Шуда олар бірге өседі»,  – деп түсіндірді Мехмет Унер.

Сондай-ақ Шу алқабында қарасора 2-3 гектардан шоқ-шоқ болып өседі, ал кәсіби культиваторлар қарасораны сабағын сабағына жақындатып  сеуіп, арнайы комбайн оны болжамды үш метр биіктікте шабады. Осылайша, барлығын санауға және жоспарлауға; сабақтарды, жапырақтарды, тұқымдарды жинауға, өңдеу үшін дайындауға; әр гектардан қанша және не жинайтыныңызды білуге болады. Бұл – кез келген өндіруші үшін маңызды.

2003 жылы билік қарасораны кешенді қайта өңдейтін зауыт жобасы туралы мәлімдеген болатын. Оған 54 млн доллар көлемінде инвестиция тарту жоспарланған еді. Бұл жоба тіпті Қазақстанның 2003–2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясына да кірген. Ол 2004-2006 жылдары іске асырылады, инвесторлар немістің «Treu-Hampf AG» компаниясы, Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның Даму Банкі және Еуропа қайта құру және даму банкі болады деп болжалды. Бірақ жоба тоқтатылды.

«Ауыл шаруашылығын әртараптандыру, соның ішінде өсімдік шаруашылығы көп талқылануда, сондықтан бұл – ауыл шаруашылығын әртараптандыру мүмкіндіктерінің бірі. Бір ғана гектардан түрлі пайда табуға болады, қарасора астық дәнінен үш есе қымбат. Шаруаларға керегі не? Пайда. Біз астықтан 2017 жылдағыдай рекордтық өнім алып, артық өндіріс болғандықтан, шығынға ұшырауымыз мүмкін. Сол себепті аграрлық секторды қолдауға тағы бір мүмкіндік бар», – деген пікір айтты Альберт Рау.

Өндірісті қолдау мен экспортқа сатуды қолдаудағы тағы бір фактор –АҚШ-та КБД мен ТГК өндіретін компанияларға өз өнімін экспортқа шығаруға тыйым салуы.

«Медициналық каннабис өндірумен айналысатын елдердің қатары күн санап көбеюде. Германияда дәрілік қарасора өндірісі тоқтап қалғандықтан, неміс дәріханаларына негізінен канадалық және голландтық өнімдер келіп түседі. «KazHemp» компаниясының Бельгияда егістік алқаптарын іздеп жүргенін есепке алар болсақ, Германияның дәріханаларына қазақстандық өнімнің де орын алуы әбден мүмкін еді», – деп қорытындылады Мехмет Унер.

Қазақстан қарасораны экономиканың қай салаларында қолдана алады?

Қазақстан егіс алқаптарының көптігіне байланысты техникалық қарасора нарығында көшбасшылардың бірі бола алады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, биыл Қазақстанның егістік жерлерінің жалпы көлемі 22,1 млн га құрады. Бұл бұрынғыға қарағанда 651 мың гектарға көп. Өсім ауыл шаруашылығы министрлігі биыл алғаш рет ресми түрде басым бағыт деп жариялаған егін алқаптарының ұлғаюына байланысты болды. Бұл майлы дақылдар (зығыр, рапс, күнбағыс), бұршақ тұқымдар (жасымық, нұт), жемшөп (арпа, сұлы), сондай-ақ қант қызылшасы мен жем шөптері.

Қазақстанның егістік жерлеріндегі негізгі дақыл – бидай. Оны өсіру арқылы сіз 107 мың теңге / га, қарасора өсірсеңіз, 1 млн тг / га таба аласыз.

«Өндірістік қарасорадан Қазақстанда қанша табуға болатынын есептедік, өнімділігі мен болжамды құнын алдық, ол ашық жерде өскенде әр гектардан 25000 долларды шығады. Тіпті техникалық қарасора бидайға қарағанда пайдалы», – дейді ауыл шаруашылығы бойынша сарапшы Кирилл Павлов.

Кирилл Павловтың айтуынша, партияның сапасына байланысты бір тонна қарасора үшін 9-дан 12 миллион теңгеге дейін ұсынылады. Бұл бидайдың қазіргі бағасынан 80 есе жоғары. Яғни, бірдей шығымдылық болса, 50 гектар қарасорадан шаруашылыққа 500 гектар бидайдан алатын сомасын алуға болады.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында алдағы бес жыл ішінде Қазақстанның егістік алқаптарындағы бидайдың үлесін қазіргі 64%-дан 46%-ға дейін төмендету керек деген ұстаным бекітілген. Осылайша, аграрлық мекеме ғылыми негізделген ауыспалы егіс стандарттарына қайта оралуды және республикада бидайдың артық өндірілуінен аулақ болуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, отандық шаруалар әділетсіз ұмытып кеткен дақылдардың егістігін ұлғайту қажет.

«Марихуананың әлемдік көлеңкелі мен ақ нарығы есептелді, ол шамамен 700 миллиард долларды құрайды. Оның 60-70 млрд доллары – техникалық қарасораны заңды түрде өндіру және 20 млрд-ы – рекреациялық медициналық марихуана нарығы, қалғаны – көлеңкелі жағы. Мәселен, Қазақстан 40 миллиардты мұнайдан табады, ал әлемде одан бір жарым есе көп ақшаны қарасорадан тауып жатыр», – деп түйді Кирилл Павлов.

Зерттеулер жүргізу үшін Шу қаласынан каннабис үлгілерін алған Pfizer фармацевтикалық компаниясының зертханашысы Мехмет Унер Қазақстан өздігінен каннабис шикізатын өндіруге және өз тауарын АҚШ пен Израильге медициналық мақсатта экспорттайтын Польша, Нидерланды сияқты елдермен әлемдік нарықта бәсекеге түсуге қабілетті деп санайды.

«Еліміздің оңтүстігінде жылыжай жағдайында жылына төрт рет дақыл алуға болады, шикізаттың мөлшері артығымен жетеді. Техникалық қарасора үшін жағдайы жақсы, топырақта жылына екі рет өнім алуға болады. Польшада біз зерттеуге майын литріне $ 30,00-ға сатып аламыз, бұл таза TГК. Мұнда сіз аз ақшаға өндіре аласыз, бірақ сапасы кем болмайды», – дейді Мехмет Унер.

Фермер Асылбек Керемқұловтың айтуынша, қарасораны өсіру ең қиын іс емес, қиындық – мамандандырылған техниканың жетіспеушілігінде.

«Қарасора – бұл Қазақстанда жақсы өсетін қарапайым дақыл. Ол минералды тыңайтқыштарды көп қажет етпейді, зиянды организмдерге шалдықпайды дерлік және қысқа күнде де өседі. Негізгі қиындық егінін жинауда жатыр. Егін егу жұмыстарын стандартты жабдықтың көмегімен жүргізуге болатын болса, ал егін жинау арнайы қарасора жинайтын комбайндардың көмегімен жүргізіледі. Бірақ отандық машина жасауда мұндай техника жоқ, өйткені өндіріс аз, ал шетелдік технологиялар негізсіз қымбат. Оның үстіне, олар біздің егістіктерден қарасораны сапалы жинай алатынына кепілдік жоқ», – деп түйіндеді Асылбек Керемқұлов.

Brightfield Group жүргізген зерттеуге сәйкес, 2017 жылы каннабистің дүниежүзілік нарықтағы айналымы 7,7 миллиард долларға жетті, 2021 жылы 31,4 миллиард долларға жетуі керек.

Техникалық қарасораны заңдастыру нашақорлардың көбеюіне әкеледі ме?

Психолог-нарколог Анна Святлецская техникалық қарасораны заңдастыру оны пайдалану үшін заңдастырғысы келетін адамдардың легін тудырады және Қазақстан бұған әлі дайын емес деп санайды.

«Мен тек марихуананы заңдастырған елдердің қисынын түсіне аламын. Олардың жағдайы біздікінен мүлдем өзгеше. Біздің мемлекетке келетін болсақ, бізде марихуананы қолданушылар көп, сондықтан бұл мәселені норма қылатын кез келді деп ойламаймын», – деді Анна Святлецкая.

Наркологтың айтуынша, марихуана физикалық тәуелділікті тудырмайды, ол темекі шегушіге психологиялық тұрғыдан әсер етеді.

«Марихуана психикалық тәуелділік тудырады. Егер біз марихуананы заңдастыратын болсақ, онда алкоголизмге келгендей, марихуанаға тәуелді бола бастаймыз. Көп мөлшерде шегетін адамдар болады», – деді Анна Святлецкая.

Нарколог марихуананы заңдастыру кезінде шегушілердің саны күрт көбейеді деп ойламайды, бірақ ол бұл өнім балаларға қол жетімді бола бастайды деп қорқады.

«Біз бәріміз марихуана туристік ермек болған Нидерландтың мысалын айтамыз, бірақ голландиялықтардың өздері марихуананы аса көп пайдаланбайды. Бірақ қолжетімділік тұрғысынан бұл қауіпті, бізде алқаштардың көптігі арақтың қолжетімді болуына байланысты, және ауылдардағы балалар 12 жастан бастап ішетіні – факт. Бұл мәселеде органдар тарапынан бақылау маңызды», – деп қорытындылады Анна Святлецкая.

Данияр Әділбек

Тегтер: CannabisБақытжан СағынтаевесірткіҚалмұханбетов Қасымовқарасора
 
Алдыңғы жаңалық

Еуразиялық одақ дербестікті шектемеу керек

Келесі жаңалық

Қытай 100 миллионнан астам адамды карантинге жапты

Ұқсас жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Президент қамқорлығындағы 300 жастың жартысы жұмысқа тұрғызылды. Олар әртүрлі лауазымға ие болды

Министрдің диссертациясы жалған ба? Министрліктің атышулы экс-қызметкері оған осындай айып тақты

Қазақстандықтарға зейнетақы жинағының 10%-ы берілмейтін болды. Мамандар бастаманы қолдамады

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

КОРОНАВИРУС

Қоғам

Карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт оны жауып тастауға мәжбүрледі

Басты жаңалықтар

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

Басты жаңалықтар

Тоқаев әкімдерді тағы өткір сынға алды. Көмектің бәрі қалада, ауыл айдалада қалды

ТАНЫМАЛ

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері
Басты жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр
Басты жаңалықтар

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Қаладаның өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Қаланың өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Аягөздегі төрт баланың өлімі: эксгумациясыз болмайтын болды ма?

Аягөздегі төрт баланың өлімі: эксгумациясыз болмайтын сияқты. Тәрбиешілер өз шындығын айтты (ВИДЕО)

Алакөлде алып жыланның пайда болғаны рас па? Маман жауап берді (ВИДЕО)

Алакөлде алып жыланның пайда болғаны рас па? Маман жауап берді (ВИДЕО)

Яндекс.Метрика
  • Жоба жайлы
  • Жарнама

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Русская редакция
  • Жаңалықтар
  • Басты жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Орталық Азия
  • Экономика
  • Пікір
  • Талдау

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz