Көлік прокурорлары «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компания» АҚ қызметін тексеру кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін 92 қызметкерді анықтады деп хабарлайды QazPulse тілшісі.
Ұлттық темір жол компаниясының қызметкерлері темір жол көлігі жүйесіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ерекше функциялар ескерілген жоғары білім туралы жалған құжаттарды (дипломдарды) жұмысқа қабылдау кезінде пайдаланған.
«Әрбір дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді, нәтижесінде барлық 92 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.
Мысалы, ағымдағы жылдың 6 қаңтарында Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігі бойынша көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін «Е» азаматша (Павлодар жол дистанциясының 1-санатты инженер-технологы) сотталып, оған жаза ретінде 20 (50500 тенге) АЕК көлемінде айыппұл тағайындалған.
Бүгінгі күні 48 қызметкермен еңбек шарттары бұзылса, 18 төмен тұрған лауазымға ауыстырылса, қалған адамдар бойынша жұмыс жүргізілуде.