Қытайдың солтүстік-шығыс аймағындағы Гирин өлкесінде 108 миллионға жуық адам карантинге оқшауланды деп хабарлайды QazPulse тілшісі Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. Өйткені ондағы билік, коронавирус індетінің жаңа деректері анықталғандықтан, ахуал қайтадан ушығып кете ме деп қауіптенуде.
Аймақта пойыздар мен автобустар қатынасы тоқтатылып, мектептер жабылған. Ал карантин шаралары жыл басындағыға қарағанда тіпті қатаңдатыла түскен. COVID-19 белгілі болған жер бірден жабылып, отбасыдан бір адамға ғана екі күнде бір рет 2 сағаттық шектеумен тек дүкенге ең қажетті заттарды алуға баруға рұқсат етілмек. Адамдардың өздері де көшеге шығудан қорқып қалған.
Фан Пай есімді тұрғын сыртта ойнап жүрген балалардың қайтадан бетперде киюге мәжбүр болатынына ренжіп, жалпы карантиннің қажытып жіберетінін айтады.
«Шаршайсың, қашан аяқталатынын да білмейсің», – дейді ол.
Дәріханаларда дене қызуына қарсы дәрілерді сатуға тыйым салынған. Себебі бұл дәрілерді тұрғындар коронавирус белгілерін жасыру үшін әдейі ішуі мүмкін.