Сәтбаев қаласында 5 жасар қызды ұрлады деген күдікті ұсталды деп хабарлайды QazPulse тілшісі.
23 шілде күні сағат 21.00-де Жезқазған қаласының тұрғыны Сәтпаев қаласының полиция бөліміне хабарласып, 5 жасар қызының жоғалып кеткенін айтқан. Сәтбаев қаласы полиция бөлімінің жеке құрамы мен еріктілер, жергілікті халық қатысқан іздестіру шараларының нәтижесінде бала көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен табылды. Бүлдіршін ауруханада, қасында анасы бар.
«Бала қазір ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Күдікті қамауға алынды. Алайда бірнеше ондаған адам күдіктіні өздеріне тапсыруды талап етуде. Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін құқық қорғау күштері жұмылдырылды. Қарағанды облысының полиция басқармасы қоғамдық тәртіпті және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда», делінген тәртіп сақшыларының хабарламасында.
Ескерту: бейнежазбада бейәдеп сөздер болуы мүмкін.
«23 шілде сағат 21:00-де Жезқазған қаласының тұрғыны Сәтбаев қаласының полициясына жүгінді, ол өзінің 5 жасар қызының жоғалып кеткені туралы хабарлады. Сәтпаев полиция бөлімшесінің барлық қызметкерлері мен еріктілер қатысқан іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бала көп қабатты үйлердің бірінен табылды. Бала қазір ауруханада қаралуда».- Күдікті қамауға алынды. Алайда бірнеше ондаған адам күдіктіні өздеріне тапсыруды талап етуде. Тәртіпсіздікке жол бермеу үшін құқық қорғау күштері жұмылдырылды. Қарағанды облысының полиция басқармасы қоғамдық тәртіпті және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда, – деді Сәтпаевта болып жатқан оқиғаларға қатысты Қарағанды облысының Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков
Опубликовано SMART NEWS Четверг, 23 июля 2020 г.
Қазір оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек барды. Өңір билігі жағдайдың тынышталғанын жеткізіп, жағдайдың дұрыс әрі әділ тергелетінін уәде етіп отыр. Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы – адам ұрлау мен кәмелет жасқа толмаған азаматты зорлау бойынша қылмыстық іс қозғалған.