Сейсенбі, Наурыз 2, 2021
ҚАЗ
РУС
Qazpulse.kz
#КОРОНАВИРУС
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Qazpulse
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Экономика

Қытаймен сауда жасаушыларға «Қорғас» арқылы тез өту жайы қарастырылуда

Қытаймен шекарадағы "Қорғас" ынтымақтастық орталығының әкімшілігі нысанның жабық тұрғанын тиімді пайдаланып жатқан сыңайлы.

Маусым 15, 2020
Жаңалықтар, Орталық Азия, Пікір, Экономика, Қазақстан
Саудагерлерге "Қорғас" арқылы тез өту жайы қарастырылуда

Карантин кезеңінде жүргізілген жөндеу жұмыстарынан бөлек, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында келушілерге қосымша қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жаңашылдықтар енгізілуде деп хабарлайды QazPulse тілшісі.

Ешқандай мазмұн жоқ

Солардың ішінде билет рәсімдеу мен багажды берудің электронды сипатын, сондай-ақ алдағы уақытта пайдалануға берілмек «Бизнес терминалды» атап өткен жөн. «Бизнес-терминал» арқылы келушілерге паспорттық және кедендік бақылауды жалпыға белгіленген тәртіпте немесе қолайлы жағдайда өту таңдауы ұсынылмақ.

Таяуда, орталықта, ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, ҚР қаржы министрінің орынбасары Руслан Еңсебаев, ҚР мәдениет және спорт министрінің орынбасары Өркен Бисақаев, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев және Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев, сондай-ақ мемлекеттік органдар, қауымдастықтар өкілдері қатысқан ведомствоаралық кеңестің кеңейтілген жиналысы өтті.

Жиын арнайы экономикалық аймақ аумағындағы нысандардың жұмысы, инфрақұрылымының жағдайымен танысу, терминалдардың келушілер мен туристерді қабылдауға дайындығын тексеру мақсатында ұйымдастырылды.

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы құрылғаннан бастап үлкен жұмыс атқарылды. Дегенмен әлі де талай шаруа бар. Бүгін бар мәселелер мен міндеттерді айқындау, сондай-ақ бірлескен, мақұлданған іс-әрекеттерді пысықтау үшін жиналдық», – деп күнтәртібін белгіледі «Қорғас» ШЫХО басқарма төрағасы Дінмұхамед Әбсаттаров.

Мәжіліс барысында қатысушыларға «Қорғас» ШЫХО» АЭА даму стратегиясы таныстырылды. Стратегия бірінші кезекте туристік және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған, бұл жайт қызмет және тауарлар экспортын дамытуға мультипликативті әсер береді. Екінші кезекте «Қорғас» ШЫХО» АҚ-ның клиентке бағдарланған компания ретіндегі қалыптасуына мән берілген, үшіншіден инженерлік инфрақұрылымға екпін жасалған.

«Барлық әріптестеріме алғыс білдіре отырып, міндеттердің бір бөлігі іске асып жатқанын айтқым келеді. Біз инвестицияларды қалай тартуға болатынын кешенді түрде көріп отырмыз, елшіліктер, сауда өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеп, көмек берудеміз. Отандық даму институттарымен келісімшарттар жасау жоспарда. Әркімнің жеке сегменті бар, олар серіктестерді және сәйкесінше инвестордарды тарта алады», – деп атап өтті «Қорғас» ШЫХО басқарма төрағасы.

Орталықта бүгінде инвестициялық жобаларға 112,73 гектар бөлінген, иеліктегі бос аудан – 22,56 гектарды құрайды.

Тегтер: арнайы экономикалық аймақдамуинвесторларҚорғас
 
Алдыңғы жаңалық

«Асқан жауыздықпен өлтірді». Марқұм кәсіпкердің әпкесі ағасының өлімі жайлы сот үкімінің әділдігіне күмәнданып отыр

Келесі жаңалық

Түркістан облысында тауда адасып кеткен балаларды құтқару операциясы жүргізілуде

Ұқсас жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КОРОНАВИРУС

Қоғам

Карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт оны жауып тастауға мәжбүрледі

Басты жаңалықтар

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

Басты жаңалықтар

Тоқаев әкімдерді тағы өткір сынға алды. Көмектің бәрі қалада, ауыл айдалада қалды

ТАНЫМАЛ

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері
Басты жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр
Басты жаңалықтар

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Қаладаның өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Қаланың өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Аягөздегі төрт баланың өлімі: эксгумациясыз болмайтын болды ма?

Аягөздегі төрт баланың өлімі: эксгумациясыз болмайтын сияқты. Тәрбиешілер өз шындығын айтты (ВИДЕО)

Алакөлде алып жыланның пайда болғаны рас па? Маман жауап берді (ВИДЕО)

Алакөлде алып жыланның пайда болғаны рас па? Маман жауап берді (ВИДЕО)

Яндекс.Метрика
  • Жоба жайлы
  • Жарнама

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Русская редакция
  • Жаңалықтар
  • Басты жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Орталық Азия
  • Экономика
  • Пікір
  • Талдау

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz