Әлеуметтік желіде пайда болған бейнебаянда бейнелері көрсетілген шымкенттік дәрігерлер 3 маусым мен 7 шілде аралығында көз жұмған. Бұны қалалық денсаулық сақтау басқармасы растап отыр.
Екі жақты пневмонияға шалдыққан олардың барлығы мемлекеттік ауруханаларда істеген және хирург, педиатр, гинеколог сынды өз ісінің үздік мамандары болған.
Вчерашний фейерверк нам объясняют желанием поднять настроение врачам, которые отчаянно сражаются за наши жизни. Вы это серьезно? А вы, вообще, в курсе, сколько врачей уже отдали свои жизни в борьбе с ковид? Они уже никогда не увидят своих детей, жён, матерей, отцов, внуков. Они больше ничего не увидят, не только ваш долбанный салют…На этом видео только шымкентские врачи, погибшие от ковид. Светлая память ❤️
Опубликовано Жанной Ильичёвой Вторник, 7 июля 2020 г.
Кейінірек 16 адамның аты-жөні жазылған тізім шықты.
Tek Ontustikte 16 dariger koz jumdy… Jandary jannata bolsyn…
Опубликовано Arman Shorayev Вторник, 7 июля 2020 г.
Кеше денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәрігерлерден бөлек, ауру себептерін анықтау комиссияларының мүшелері де індетті жұқтырып жатқанын жеткізіп, тиісті статистиканы күнделікті жариялау кешігуде екенін мойындады. Бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ақ халатты абзал жандар ауруды жаппай жұқтырып, жалпы елдегі медицина қызметкерлері қорғаныс заттарының нашарлығына немесе жоқтығына бірнеше рет шағымданды.
Бүгінде Қазақстанда COVID-19 індетімен сырқаттанғандар саны 51 059 адамға жетіп, 16 928 азамат жазылып шықты. Өкінішке қарай, 264 адам бұл дүниемен қош айтысты.