Қытай мен Қазақстан арасындағы шекараны заңсыз кесіп өтті деген айыппен Семейде түрмеге қамалған қытайлық этникалық қазақтар Қастер Мұсахан мен Мұрагер Әлімұлы бүгін босап шықты деп хабарлайды QazPulse тілшісі олардың қорғаушысы Ләззат Ахатованың желідегі парақшасына сілтеме жасай отырып.
Қытайдағы Шыңжаң өлкесінен мұсылмандарға қысым көрсетіліп жатыр деген себеппен Қазақстанға өткен Қастер мен Мұрагер Семейде қалып, босқын мәртебесін тосуды жөн көрген. Алайда, кейін, Ақмола облысындағы туысқандарын паналай тұру жайлы шешім қабылдаған. Әзірге, бұл азаматтарда шілде айының аяғына дейін жарамды уақытша куәлік бар.
⠀
Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан аудандық соты Қастер Мұсахан мен Мұрагер Әлімұлын елден шығарусыз еркіндіктерін шектеу үкімін жария етті. Сот азаматтардың өз еркімен шекараны заңсыз кесіп өткендерін айтқандарын, қарсылықсыз берілгендерін, кінәларын мойындап, өкінгендерін ескерді.
СҮЙІНШІ, БОСТАНДЫҚ!!! Екі бауырымыз ҚАСТЕР мен МҰРАГЕР бостандықта!!!Кешелі бері хабарласып жатқан, екі жігіттің…
Опубликовано Ләззат Кендебайқызы Воскресенье, 21 июня 2020 г.
Қазақстандықтар атажұртына оралған этникалық қазақтарды тарихи Отанында қалдыруды қолдап отыр.
⠀