Сейсенбі, Наурыз 2, 2021
ҚАЗ
РУС
Qazpulse.kz
#КОРОНАВИРУС
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Qazpulse
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Экономика

Сіздің атыңыздан несие рәсімделсе не істемек керек? Сараптамалық кеңес

Алаяқтар сіздің атыңыздан несие рәсімдеп, аяқ астынан борышкер болып шықсаңыз...

Маусым 24, 2020
Жаңалықтар, Экономика, Қазақстан, Қоғам
Сіздің атыңыздан несие рәсімделсе не істемек керек? Сараптамалық кеңес

Көрнекі сурет

Егер сіз жеке басты куәландыратын құжатыңызды жоғалтқан болсаңыз, алаяқтар ол бойынша кредит рәсімдеуі мүмкін деп хабарлайды QazPulse тілшісі.

Коронавируспен күреске бөлінген 114 млрд теңге қайда жұмсалды? Министр айтып берді

Ұлттық банк қажет жағдайда айырбас бағамын тұрақтандырады. Президент девальвацияға жол бермеуді тапсырды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сарапшыларының пікірінше, олар дербес деректерді қазір күрделі мәселе болудан қалған заманауи технологиялар – әлеуметтік инженерияның көмегімен де қолды ете алады.

Сонымен, сіздің атыңызға кредиттің заңсыз ресімделу дерегін уақтылы анықтауға кредит тарихы мүмкіндік бермек. Өзіңіздің кредит тарихыңызды бақылап отыру – бұл алаяқтардан «сақтанудың» өзінше бір түрі. Кредиттік бюроның деректер базасында бүкіл Қазақстан бойынша әрбір банктің және кредит ұйымының барлық қарыз алушылары бойынша мәліметтер бар. Егер сіз бір рет болсын кредит алсаңыз, онда кредит туралы, оның ішінде мерзімі кешіктірілгендері болса, ол туралы да ақпарат деректер базасында көрсетілген.

Сонымен не істейміз?

Бірінші кезекте қарыз ресімделген кредит ұйымының атауын біліп алу қажет. Егер бұл ұйым ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реттеуіне кіретін болса жақсы. Мұны қаржы реттеушісінің сайтында «Рұқсаттар және хабарламалар тізілімі» бөлімінен тексеруге болады.

Сондай-ақ құқық қорғау органдарына өтінішпен жүгіну қажет. Қолтаңба сараптамасы тағайындалатын болады, ол қарыз шартындағы алушының қолтаңбасы еместігін анықтайды.

Алаяқтар сіздің атыңызға қандай  кредит ұйымынан қарыз алғанын анықтай отырып, сіз осы ұйымға барлық қолда бар ақпаратты толық көрсете отырып өтініш жазуыңыз қажет. Төлем картасы немесе жеке басын куәландыратын құжат жоғалған жағдайда растайтын анықтаманы қоса беру қажет. Міндетті түрде ішкі қызметтік тексеру жүргізуді талап етіңіз. Сіздің өтінішіңізді тіркеуі қажет, өтінішті қабылдау күні жазылған тіркеу нөмірін өзіңізге қалдыратын өтініштің көшірмесіне де қою қажет.

Бұдан басқа кредит ұйымы шарттың, оның қосымшаларының және жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін, сондай-ақ ақша аударылған шоттың деректемелерін ұсынуы тиіс. Сіз кредит берген және шартты ресімдеген қызметкердің деректерін нақтылауыңыз қажет.

Кредит ұйымы құжаттарды ұсынудан бас тартқан жағдайда, сіз ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне шағымдана аласыз.

Егер кредит кредитоматтарда ресімделген болса, онда оларда бейнекамералар орнатылған, ондағы жазбалар алушыны идентификаттауға көмектесе алады.

Егер бұл онлайн-қарыз болса, оны полиция IP арқылы қаскүнемдерді анықтай алады. Мұндай тәсілді бейтаныс адамдар ғана емес, сонымен бірге жақын туыстар, құрбылар, достар, сіз құжаттарыңыз бен банктік деректеріңізді сенген таныс адамдар да қолдануы мүмкін екенін атап өткеніміз дұрыс.

Егер кредит ұйымы сіздің жеке куәлігіңіз бойынша ақшаны алаяқтардың алғанына дәлелдер таппаса, онда тұрғылықты жеріңіз бойынша мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа арыз бересіз. Сот сіздің пайдаңызға шешім шығарған жағдайда, кредит ұйымы:

– сізден борышты төлеуді талап етуді тоқтатуы;

– берешекті есептен шығаруы;

– кредиттік бюроға бөгде адамның қарызы туралы ақпаратты сіздің кредит тарихыңыздан алып тастау туралы хат жіберуі тиіс.

Қаржы алаяқтарынан өзіңізді қалай қорғауға болады?

  • Ешқашан, қандай жағдайда болмасын таныс емес адамдарға өзіңіздің жеке деректеріңізді айтпаңыз, оның ішінде оларға жеке басыңызды куәландыратын құжаттардың көшірмелерін жібермеңіз.
  • Төлем карталарының деректерін ешқашан ешкімге бермеңіз және жарияламаңыз, оның ішінде әлеуметтік желілерде жарияламаңыз.
  • Сіз телефон қоңырауына жауап бергенде жиі «иә» деп жауап бересіз. Бұл әдеттен арылыңыз. Телефон алаяқтары алаяқтық жолмен сіздің атыңызды және тегіңізді және сіз айтатын басқа да жеке ақпаратты біліп алып, сіздің дауысыңызды жазып алады, осылайша сіздің атыңызға «бөгде адамдардың» кредитін ресімдей алады.
  • Құпия ақпаратты енгізу талап етілетін сайттарда HTTPS:// префиксінің болуын тексеріңіз.
  • Егер сіз сайтты немесе ұйымның парағын фейк деп күмәндансаңыз, осы ұйыммен байланысыңыз және ақпаратты нақтылаңыз.
  • Өзін қаржы ұйымдарының қызметкерлерімін деп таныстыратын бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеңіз, оларға жеке деректеріңізді жария етпеңіз. Ең бастысы олармен әңгімені жалғастырудың қажеттілігі жоқ.
  • Барлық қол қойылатын құжаттарды мұқият оқып шығыңыз, көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеріп, салыстырыңыз.

Осындай қарапайым қағидалар сізді қаржы алаяқтарының арбауынан қорғайды.

Тегтер: алаяқтықберешеккредитнесиеқаржыҚаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
 
Алдыңғы жаңалық

Маңғыстауда жаңа мұнай бұрқағы атқылап жатыр

Келесі жаңалық

Талдау орталығы: Қазақстанда әлеуметтік қолдаудың нәтижесінде халықтың табысы артты

Ұқсас жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КОРОНАВИРУС

Қоғам

Карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт оны жауып тастауға мәжбүрледі

Басты жаңалықтар

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

Басты жаңалықтар

Тоқаев әкімдерді тағы өткір сынға алды. Көмектің бәрі қалада, ауыл айдалада қалды

ТАНЫМАЛ

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері
Басты жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр
Басты жаңалықтар

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Қаладаның өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Қаланың өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Аягөздегі төрт баланың өлімі: эксгумациясыз болмайтын болды ма?

Аягөздегі төрт баланың өлімі: эксгумациясыз болмайтын сияқты. Тәрбиешілер өз шындығын айтты (ВИДЕО)

Алакөлде алып жыланның пайда болғаны рас па? Маман жауап берді (ВИДЕО)

Алакөлде алып жыланның пайда болғаны рас па? Маман жауап берді (ВИДЕО)

Яндекс.Метрика
  • Жоба жайлы
  • Жарнама

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Русская редакция
  • Жаңалықтар
  • Басты жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Орталық Азия
  • Экономика
  • Пікір
  • Талдау

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz