Тәжікстан елінде де коронавирус салдарынан опат болғандарға қабірді артығымен қазады деп хабарлайды QasPulse тілшісі. Ал мәйіттің өзін пластикалық қапқа салған күйде қойып, бетін целлофанмен жабуда.
Тәжіксандықтар, 3 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырып, 46-сы салдарында жан тапсырған ресми дерекке сенімсіздік танытуда. Бейресми нұсқада коронавирус құрбандарының саны 300-ге жақындаған. Содан адамдар өздері түрлі видео түсіріп, ғаламторда таратуда.
«Бізбен бірге Гүлстан орамынан да марқұм туыстарымен қоштасып жатты. Осы күндері тағы 7-8 мола пайда болды», – дейді жақыны індетпен күресте жеңілген Душанбе тұрғыны Набиджон Нәбиев.
Бүгінде онда қабірлерді ертерек шағындап қазып, бетін пластикпен жаңбыр суынан қорғау үшін қымтауда екен. Тәжікстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камолзода Мирхомуддин өздерінің нұсқау бермегендерін айтады.
Бұған дейін Алматы қаласындағы коронавирус індетінен көз жұмғандарға арналған арнайы полигонда 32 адамның қойылғаны жайлы ақпарат тараған еді. Ал ресми тіркелген өлім саны – 10. Қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов «артық» 22 моланы коронавируспен бірге басқа да сырқаттармен ауырғандардың дүниеден озуымен түсіндірді.