Бейсенбі, Ақпан 25, 2021
ҚАЗ
РУС
Qazpulse.kz
#КОРОНАВИРУС
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Талдау
  • Видео
  • Пікір
  • Қоғам
  • Тағы
    • Орталық Азия
    • Технология
    • Экономика
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Qazpulse
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Технология

«Тақуалық пен жалқаулықты шатастырып алдық». Дінтанушы ғалым өз алаңдаушылығын білдірді

Елімізге танымал дінтанушы мұсылман елдерінің неге дамуда артта қалғанына жауап іздейді.

Маусым 23, 2020
Жаңалықтар, Пікір, Талдау, Технология, Қазақстан, Қоғам
"Тақуалық пен жалқаулықты шатастырып алдық". Дінтанушы ғалым өз алаңдаушылығын білдірді

Көрнекі сурет - ашық дереккөзден

«Әлем картасына көз жүгіртер болсақ, Солтүстік Африкадан бастап Оңтүстік-Шығыс Азияға дейін созылып жатқан ұлан-ғайыр географияны алып жатқан мұсылман елдеріне қай жағынан қарасаңыз да, бірдей көрініске тап боласыз. Олар: кедейшілік, соғыс, бишаралық, дами алмағандықтан артта қалу және сыртқа тәуелділік», деп қынжыла бастайды kazislam.kz порталындағы мақаласын Балғабек Мырзаев.

QazPulse ақпараттық-сараптамалық сайты да теолог ғалымның көтерген мәселесіне өзінен орын арнауды жөн санады.

Қазақстан үкіметі Тәжікстанға 63 миллион теңгеге 100 өкпені желдету құрылғысын алып береді. Вице-министр растады

Айнұр Тұрсынбаева оттегі құрылғысының санын 1000-ға жеткізді

Мақала авторының айтуынша, бүгінгі күні бірде-бір мұсылман мемлекеті ең дамыған елдердің қатарында жоқ. Көп бөлігі артта қалған немесе аз дамыған елдердің қатарында. Түркия Республикасы енді ғана дамыған елдердің қатарына ілесуге күш салып ұмытылып жатыр. Сонымен қатар, Индонезия, Сауд Арабиясы және Малайзия мемлекеттері дамып келе жатқан алып экономикасы бар елдердің санатына кіреді.

Дінтанушы Балғабек Мырзаев
Дінтанушы Балғабек Мырзаев

«Мұсылман өлкелері неге дамымай қалған және өте кедей тұрады? Оның себебі біз тақуалық пен жалқаулықтың, дін мен ғылымның аражігін жоғалтып алғанымыздан болып отыр. Құран Кәрімдегі қарапайым тақуа өмір мен бүгінгі күнгі мұсылман елдерінің кедей өмір сүруінің арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Себебі, осы замандағы кедейлік пен артта қалушылықтың қамытын біз жалқаулықтан және ғылымды игеруден ұзақ тұрғанымыз үшін киіп отырмыз.

Екінші жағынан, мұсылман елдерінде діндарлардың адамдардың ақыреттегі өмірімен көбірек айналысып кеткенінен де болып отыр. Ананы істемесең, жұмаққа бармай қаласың, мынаны істесең, тозаққа кетесің деген түсініктен құтылмасақ, бұл дүниенің нығметтеріне мүлдем қол жеткізе алмай өмірден өтіп кетеміз», – дейді ол.

Мұсылман өлкелерінің қандай тұңғиықтың түбіне түсіп кеткенін төмендегі көрсеткіштерден көруге болады.

Шамамен 1,7 миллиард халқы бар және әлем тұрғындарының 23,4%-ын құрайтын мұсылман елдерінің ахуалы еш көңіл қуанта алмайды.

«Қазіргі заманда өнертапқыштық (патентке ие болу) – ғылым мен технология көрсеткіштерінің басында  тұрады. Ғылыми жаңалықтар ашу – білім мен технологияда қаншалықты дамығанын білдіреді. Бүгінгі күні мұсылман өлкелерінің осы жоғары технология экспортындағы әлемдегі үлесі 3,7%, әлемдегі өнертапқыштық үлесі 1,9%. Әлемдік жалпы ішкі өнімдегі үлесі 7,9%, экспорт үлесі 6,9%, импорт үлесі 7,2% екен. Қысқаша айтқанда, 1,7 миллиард тұрғыны бар Ислам өлкелерінің ЖІӨ әлемдік көрсеткіштің 10 пайызына да жетпейді екен», – деп деректерден келтіреді Балғабек Мырзаев.

Әсіресе, технологияда сыртқа тәуелділік, негізінен шикізатты экспорттаумен ғана айналысу, өндіріс күшінің өте әлсіз болуы мұсылман өлкелерінің артта қалуының басты себебі болып отыр.

Жалпы, мұсылман елдерінің жоғары технологияны экспортаудағы әлеуеті бір ғана Оңтүстік Кореяның экспортының жартысына да жетпейді екен.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше 57 елдің жоғары технологияны экспорттаудағы үлесі 78,7 миллиард долларды құраса, оның 63,3 миллиарды (80,5%) Малайзияға тиесілі. Ал, Кореяның 2014 жылғы жоғары технология экспортындағы үлесі 133,4 миллиард долларды құрапты. Осыдан-ақ мұсылман елдерінің қаншалықты артта қалып қойғанын көре аламыз. Бүкіл мұсылман өлкелері жабылып жүріп, бір ғана Кореяның шаңына ілесе алмапты.

«2014 жылы мұсылман өлкелерінің алған жалпы патент саны 47 мың (46 780) шамасында болыпты. Ал, салыстыру үшін алып отырған Кореяның ие болған патент саны 220 296 дана екен. Бір ғана Кореяның алған патентінің 22,2 пайызын ғана құрап отырмыз. Осыдан кейін мұсылман елдерінің басына үйірілген қара бұлттың оңайлықпен сейілмейтіні түсінікті болар», – дейді дінтанушы.

Мұсылман өлкелерінің 2013 жылы ғылыми және технология саласындағы журналдарда жариялаған мақалаларының саны 137 798  дананы құраған. Оның өзінде, олардың 32 695-і Иран Республикасына, 30 402-сі Түркия Республикасына, 25 мыңнан астамы Малайзияға тиесілі.

Ал, сол жылы әлемде ғылым және технология саласында 2 184 420 мақала жарияланған. Жарияланған әрбір 100 мақаладан мұсылман елдерінің түсетін үлесі бар болғаны 6,3 дана екен.

«Жалпы алғанда, Түркия, Иран, Сауд Арабиясы, Индонезия және Малайзия ғана өркениеттің көшінен қалып қоймау үшін күш салып келеді. Қалған мұсылман елдерінен селт еткен серпіліс жоқ.

Сондықтан мұсылмандар білім мен жоғары технологияға, ғылымға ұмтылмайынша әлемдік көштің соңында қалуға мәжбүр. Атымыз мұсылман болғанымен, затымыз Құран Кәрімнің бұйырғандарына сай келмейінше, мұсылмандар артта қалып қойғандары үшін өздеріне ғана өкпелеуі керек», – деп түйіндейді ойын дінтанушы.

Тегтер: Балғабек МырзаевдінжалқаулықИранИсламКореяМалайзиятақуалықТүркияғылым
 
Алдыңғы жаңалық

«Жылап бізге келеді». Елордалықтар ПТР-тест үшін 15 мың теңгені өз қалталарынан шығаруға мәжбүр

Келесі жаңалық

«Астрахан мен Орынборды, Түмен мен Алтайды қайтарсын!» Қазнет қолданушылары Ресей президентінің сөзін тағы тіксіне қабылдады

Ұқсас жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КОРОНАВИРУС

Қоғам

Карантин кезінде Көбейтұзға ағылған жұрт оны жауып тастауға мәжбүрледі

Басты жаңалықтар

42 500 теңге: жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауаптар!

Басты жаңалықтар

Тоқаев әкімдерді тағы өткір сынға алды. Көмектің бәрі қалада, ауыл айдалада қалды

ТАНЫМАЛ

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері
Басты жаңалықтар

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысына Президент қатысып жатыр
Басты жаңалықтар

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Айя-София мешітінде алғаш рет жұма намазы оқылды. 80 жылдан астам уақыттан бері

Ақордада Сәтбаев қаласы мен Шорнақ ауылындағы жағдайға байланысты шұғыл жиналыс өтті

Құзырлы орындар өзбек ұлтының полиция қызметкеріне шабуыл жасағанын жоққа шығарды. Арандатушылардан абай болыңыздар (ВИДЕО)

Сәтбаев қаласындағы тәртіпсіздік. Тұрғындар азғындыққа күдіктіні өздері жазаламақшы болды (ВИДЕО)

Ауылды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Президент Үкімет басшысын қабылдады

Головкин өзін алғаш және жалғыз рет жеңген боксшымен үшінші рет кездеспек

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Ер адамдар 61, әйел адамдар 57 жаста зейнетке шығады. Желіде тағы бір желсөз тарады

Қаладаның өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Қаланың өзінде мұндай жоқ. Кәсіпкер Бауыржан Оспанов малшыларға 500 мың теңге жалақы төлеуге дайын (ВИДЕО)

Карантин 2 тамызға дейін созылады. 42500 теңге өтініш негізінде беріледі

Карантин 2 тамызға дейін созылады. 42 500 теңге өтініш негізінде беріледі

Президент коронавирусқа шалдыққан адамдарға нақты көмек көрсетуді тапсырды

Қала мен ауыл мектептерінің арасындағы айырмашылықты қысқарту керек

Яндекс.Метрика
  • Жоба жайлы
  • Жарнама

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Русская редакция
  • Жаңалықтар
  • Басты жаңалықтар
  • Қоғам
  • Қазақстан
  • Саясат
  • Орталық Азия
  • Экономика
  • Пікір
  • Талдау

Барлық құқық қорғалған. © 2020 Qazpulse.kz