Алматы облысының Ұйғыр ауданында көршілес ауыл тұрғындарының арасында төбелес орын алып, бірнеше адам пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды QazPulse тілшісі.
Жанжал 15 маусым шыққан көрінеді. Сағат 23:46-да 5 адам пышақ жарақатымен Ұйғыр аудандық ауруханасына түскен. Бұл ақпаратты облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бөлісті.
«15 маусым күні 1999 жылы туған екі азаматқа ота жасалды. 2 адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. 1 адам хирургия бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта 3 адам аталған аурахананың хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайлары тұрақты», – деді басқарманың баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.
Мәліметке жүгінсек, жанжал Шонжы ауылының Шанхай шағын ауданы мен Бақар ауылы жастарының арасында болған. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері мен әскер бар көрінеді.
Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов қақтығыс туындаған Шонжы ауылына өзі барып, тұрғындармен шұғыл жиналыс өткізді. Жиналыста аудан атауын өзгерту немесе көрші ауданға қосу бастамасы көтерілді.