Бүгіннен бастап ақылы жедел медициналық жәрдем тобын шақыруға болады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты деп хабарлайды QazPulse тілшісі.
Ауруханаларда және жедел жәрдем қызметтерінде ақылы негізде қызмет көрсететін мобильді топтар жұмысқа кірісті. Тариф – 5400 теңге.
Олар коронавирус дертіне және өкпе қабынғанда үйден сынақ ала алмақ.
Тест нәтижесі учаскелік дәрігердің назарына жеткізілетін болады.
Сонымен қатар, Ажар Ғиният, енді ауруханаларға қабылдамау мәселесі болмайтынына сендірді.
«Өңірлерде ауруханаға жатқызудан бас тарту бос орындардың болмауына байланысты туындады. Қазір біз қосымша төсек-орындар аштық, мәселе шешімін табуда», – деді ол.
Жаңалық шыққан 3 шілде кешкілік Денсаулық сақтау министрлігі ақылы жедел жәрдем құнын, яғни 5400 теңгені Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейтінін мәлімдеді.