Жаңаөзен және Қарақия ауданының аумағында ағымдағы эпидемиялық жағдайды ескере отырып (оның ішінде Рахат, Теңге, Қызылсай, Сенек, Бостан, Құланды, Болашақ ауылдарында) 2020 жылғы 25 маусым сағат 00:00-ден 2020 жылғы 13 шілде сағат 07:00-ге дейін карантин тәртібі және бірқатар шектеу шаралары енгізілетін болады деп хабарлайды QazPulse тілшісі.
Жаңаөзен қаласы, Қарақия ауданы және Ақтау арасындағы жолдарда қайта блок-бекеттер орнатылмақ.
Аталған елді мекендерге халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін көлікке ғана кіруге және кетуге рұқсат етіледі.
Қашықтағы жұмыс тәртібіне кәсіпорындардың барлық нысандарындағы қызметкерлердің 80%-ы өтуі тиіс.
«Такси қызметі сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін және сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Сағат 06: 00-ден 10:00-ге дейін және сағат 17: 00-ден 21:00-ге дейін дәмханалар мен мейрамханалардан тамағын жеткізуге тапсырыс беруге болады, сондай-ақ тұрғындарға азық-түлік пен дәрі-дәрмектер алуға рұқсат етіледі», – дейді Маңғыстау облысының бас санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов.